Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!

Сайт әкімшілігі

07.06.2023, 17:40

1821

Маңғыстау облысы 2023 жылы 320 мыңнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. 2022 жылы Маңғыстау облысына шетелден және ел өңірлерінен 310 мыңнан астам турист келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Өңірде туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 11,5 млрд теңгені құраған (өсім – 1,6 есе). Өңірдің туристік саласын дамытудың маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Мұны саладағы оң динамикадан да көруге болады. Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымына тікелей байланысты. Туристердің әуе көлігімен келуіне барлық жағдай жасалған. Бүгінде үкіметтің қолдауымен ұшақтар халықаралық және ішкі бағыттар бойынша 24 бағытта аптасына 110 әуе рейсін, оның ішінде алыс және жақын шет елдерге 16 бағытта 45 әуе рейсін жасайды.

Жыл басынан бері «Ақтау халықаралық әуежайымен» тасымалданған жолаушылар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артып, 407 490 жолаушыға жетті.

Мәселен, курорттық аймақтарды дамыту аясында 2022 жылы жергілікті инвесторлар 4 жобаны іске асырған. Нәтижесінде 1,1 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, 80-нен астам жаңа жұмыс орны құрылған.

1. «Нефтемаш» КЗ» «Сартас» келушілер орталығын салу

2. «Фламинго курорты» демалыс базасы («Фламинго» ЖШС)

3. Глампинг Teniz Village («Techno west ltd» ЖШС)

4. «AURA» демалыс базасы («Алека» ЖШС)

— 2023 жылы 210 жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жалпы құны – 100 млрд теңге. Бұл жобалардың барлығы өңір экономикасын дамыту үшін оң мультипликативті әсер етеді, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55