Мәнзоров күдіктіден куәгерге айналыпты

01.10.2019, 15:13

78

Қыркүйектің 26-даұсталған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат МӘНЗОРОВТЫҢ қалай және неүшін ұсталғанын құзырлы орган өкілдері әлі де хабарламады. Оған қатысты іс сотқажетпеген екен. «ЖасАЛАШТЫҢ»  дереккөзіне сенсек, танымалкәсіпкер әрі мемлекеттік қызметкер қазір бостандықта. Нақтырақ айтқанда олкүдіктіден куәгерге айналған.

Қылмыстық-процессуалдықкодекске сәйкес күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ұсталған сәттен бастап 72сағат ішінде айтылуы керек. Алайда, шенеунік ұсталғалы 5 күн өтсе де жауаптыларешқандай түсінік бермей отыр. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі деСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдаған хатқа тиісті жауапалмаған екен.

-Әлеуметтік желіде Бағдат Сайланбайұлы босады дегенақпарат тарап жатыр. Осыған орай құзырлы органға бұл мәселеге қатысты түсінікберуін сұрап, сауал жолдадық. Мұндай сауалға олар бір күннің ішінде жауап беруітиіс. Өйткені бұл көпті елең еткізген оқиға. Бірақ әлі жауап келген жоқ, —  дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысыҒалымұрат ЖҮКЕЛ.

Алматы облысыныңбаспасөз қызметі Бағдат Мәнзоровты жұмыстан босату туралы бұйрықболмағанын,  шендінің әлі де әкіморынбасары қызметінде екенін хабарлады.

Ал Алматы облыстықсоты әкім орынбасарына қатысты іс аталған ведомствоға әлі жетпегенін айтқанболатын.

«ЖасАЛАШ»дереккөзінің хабарлауынша, Б. Мәнзоров Қылмыстық кодекстің 366-бабына(пара алу) сәйкес күдікке іліккен. Бұл Алматы қаласының мемлекеттіксәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарып тұрған кезбен байланысты.

Еске салайық,Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат МӘНЗОРОВТЫҢ ұсталғаны туралы ақпаратқыркүйектің 26-сы тараған. Бұл ақпаратты бір күн өткен соң бір-ақ  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігібасшысының бірінші орынбасары Олжас БЕКТЕНОВ растаған болатын.

Фото: vlast.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51