Марал Ысқақбай мен Балнұр Қыдырбек соттасып жатыр

11.09.2019, 14:09

318

Бүгін Алматыда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ҚазАҚ» (Қазақстан авторлар қоғамы) Республикалық қоғамдық бірлестігі айналасындағы дауға қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» хабарлайды.  

Іс судья Гүлшат ҚАЗЫМБЕТОВАНЫҢ қарауында. Қазақстан авторлар қоғамын ұзақ жыл басқарған Марал ЫСҚАҚБАЙ Қазақстан композиторлар одағының басшысы Балнұр ҚЫДЫРБЕКТІҢ үстінен шығым түсірген. Балнұр Қыдырбек 2019 жылдың 27 наурыз күні аталған ұйымның төрайымы болып сайланған еді. Қарсы тарап оның заңсыз өткендігін айтады. 

— Авторлар қоғамында 3378 адам бар десек, ол жиынға 12  автор ғана қатысқан. 340-тан аса адам қатысты деген өтірік. Жиын өткен зал 250 орындық. Ол кезде видеокамера болды. Кейін көргеніміздей зал толмаған. Балнұр Қыдырбекті сайлағанда 259 адам тіркеліпті. Біз тізімді тексердік. Ішінде қоғамға мүше емес студенттер, журналистер, тіпті қайтыс болған адамға дейін жүр. Бұл жиын заңсыз, -  дейді Марал Ысқақбайдың заңгері Әйгерім ӘСЕТОВА.  

Шағымданушы Марал Ысқақбай сот процесі әлі аяқталмағандықтан «Жас АЛАШ» тілшісіне сұхбат бермейтінін айтты. 

— Ол кезде Алматыдан өзге шет аймақтардан келген авторлардың саны қырықтан асқан. Сол авторлардың барлығын жан алқымнан алып «Сен жиында болдың ба? Болмадың ба?» деп сұрап жатыр ғой. Тіпті, кейбіреулерін қорқытқан екен. Мәселен, бір оралман жігіт бар еді. Соған хабарласыпты. Ол кейін маған айтады «маған қоңырау шалып сұрақтың астына алды, мені ештеңеге араластырмаңыздаршы» деп. Ол кезде кворум болған, — деді Б.Қыдырбек. 

Төрт сағатқа созылған отырыста судья қос тарапты да тыңдап шықты. Сот 30 қыркүйек күні жалғасатын болады.



Фото автордікі 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 18:13
Сыр өңірінде құрылысшылар күніне орай бірнеше ірі нысанның іргетасы қаланды
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:23
"Олар диагноз қоя алмайды", Алматы облысында тұрғындар аурухана дәрігерлеріне шағымданды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49