Марал Ысқақбай және Алтынбек Қоразбаевтың қырық өтірігіне жауап

09.12.2019, 08:11

69

Құрметті шығармашылық жолындағы әріптестерім!

Соңғы 10 жыл ішінде «Ит үреді, керуен көшеді» мақалынұстанып, жүйкемді тоздырмай, кейбіреулердің шымшымасын елемей жүруші едім. Бұлжолы да тыныш отыра береріме жанымдағы достарым, құрбы-құрдастарым қарсылықбілдіріп, осы мақаланы жазуға мәжбүрледі.

Марал Ысқақбай ағамыз «Қазақ әдебиетінің» өткен саныныңбірінде «Олар қоғамды тартып алмақ болды» деп жариялапты. Оған қосаА.Қоразбаевпен бірігіп видеомәлімдеме жасаған. Ештеңенің мән-жайына жетпейДулат Исабеков ағамыз бен шешем Дариға Тілендиева да мәлімдеме жасапты. Алшындыққа келсек...

Менің Қоғамға Төраға болып келуіме себеп болған Маралағаның өзі. Қазақстан Авторлар қоғамында түсініксіз жағдай болып жатыр дегендіестіп жүрсем де, мән беріп, елемеген едім. Наурыз айының ішінде қоғамныңтөрағасы Марал Ысқақбай өзі телефон соғып: «Авторлар қоғамына кел, төраға бол»деп ұсынысты өзі айтты. «Ойланайын» дедім. Ертеңінде Композиторлар одағыныңбасқармасын шақырдым. Себебі Композиторлар одағына тіркелген 130 адамның кемдегенде 110-ы Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі. Әріптестеріммен ақылдасыпедім, олар бір ауыздан «бар» деді. Марал ағаға хабарласып: «барамын» дедім. Осыжерде ағам шарт кетті. «Келсең, жиналыссыз, өзің кел. Айлығыңды ал, барамдейтін жеріңе бара бер, жолыңды көтереміз, ал мен Байғали Есенәлиевтіңбүлдірген ісін бір-екі жылдай отырып өзім жөндеуім керек» деді. «Бір-екі жылбойы жөндейтіндей соншама не бүлдіріп едің?» деп Байғалиден сұрадым. Дегенмен,жалған ақша алып, негізсіз (жиналыссыз)Төраға болар мен емес. Сол күндері шешемдүниеден озды, еліміздің батыс өңірінде дайындалған авторлық кештерімнің біреуіменсіз өтіп, біреуі кейінге қалдырылды. Бұрыннан белгілеп қойған Әкемнің 90-жылдығыда кейінге қалды. Дегенмен, Марал ағаның кедергі жасағанына қарамастан  Жиналыс өтті. Сонау Ақтөбеден, Оралдан,Өскеменнен, жалпы жан-жақта жүрген композитордың бәрі келді. Түрлі былықтыңболатынын алдын-ала ескеріп Еуразиялық авторлар қоғамының Конфедерациясынан даадамдар шақырылды. Әзірбайжан авторлар қоғамының басшысы, Ресей авторларқоғамының өкілі, Қырғыз Республикасынан, Алматы қаласы Әділет департаментінің,Медеу ауданы әкімдігінің, басқа авторлық қоғамның өкілдері қатысты. Бәрі деқатысып, жағдайды көзімен көрді. Алайда Марал ағаның өзі келмеді. Бұған алыстанат арытып келген авторлар да, қоғам өкілдері де ашуланып «неге жағдайды өзікеліп түсіндірмейді?» деп  ренішінбілдірді. Жиналысқа БАҚ өкілдері де келіп, «төраға ауысты» деп ақпарат таратты.Қызық осыдан кейін басталды.

Арада екі ай өтті, Төраға төрді де, мөрді де, құжаттар дабермеді, үстімнен түрлі арызды боратып, «Ана тілі» газетіне көлемді сұхбатберіп, мені рейдерлік жасады деп кінәлады. 5 маусым күні ҚР Әділет министрлігімені ресми түрде Төраға ретінде тіркеп, Мемлекеттік базаға енгізді. Ертесінебанктегі Қоғам шоттарын атыма аударып, 2018-19 жылдың кіріс-шығысыныңанықтамасын алдым. Төбе шашым тік тұрды. Бір жарым жыл ішінде жасалған заңсызәрекеттер жарты миллиардқа жуық екен, бұл тек қана ресми банк арқылыжүргізілгені, оның сыртында не жатқанын кім білер. Марал ағаға қайта бардым,наурызда маған жасаған ұсынысын өзіне айттым: «Аға, жұмыс жүре берсін, үш қызыңызғада, ешкімге де тиіспеймін, Өзіңіз Құрметті төраға ретінде алатын ақшаңызды алыпжүре беріңіз». «Жоқ, сотта кездесеміз» деп отырып алды. Қызметкерлері деқозғала қоймады. Жаңа офис ашып, жұмысты нөлден емес минустан бастауға мәжбүрболдым. Жұмыс барысында білгенім: соңғы үш жылда М.Ысқақбай шет елдерменжасалған келісім-шарт бойынша бір тиын төлемеген, СИЗАК халықаралық ұйымынамүшелік жарнасын төлемеген, ҚазАҚ мүшелігіндегі өзі мақтанып айтқан 3500автордың ішінен, өзінің төңірегінде жүрген 80-100 адамға ғана ақша берген.Мәселен, мен соңғы үш жылда жеті авторлық концерт өткіздім, бүкіл республикабойынша оркестрлер бағдарламасында менің шығармаларым орындалып жатады. Сондамаған жазып қойғаны 68 мың теңге, ол туралы да тек сотта естідім.

Марал аға«Б.Қыдырбекті сайлаған жиналыста кворум болған жоқ» деп сотқа берді. Маралағаның өзі өткізген жиналыстардың біреуінде де кворум болмағанын біріншіинстанция соты ескермеді. Мейлі. Олқылық шешімге қуанған Марал аға, баяғыәдетін үдерте, жанына сыбайластарын (менің оппоненттерімді) ертіп алып байбаламсалып жүр. А.Қоразбаев жағдайы белгілі. Оның 2011 жылы мен туралы Композиторлародағының дүние-мүлкін сатып жіберді деген өтірігіне сол кезде мынадай жауапбергенмін: «Шыны керек, «Алтекеңніңбастан-аяқ өзі шығарған әні бар ма екен?» деген күмән бар. «Қызым, сағанайтамын» – Мұратхан Егінбаевтың «Аңсағаным ауылым», «Сарыарқа» – МаратІлиясовтың «Сарыарқа сазы» әні екенін барлығы біледі. «Сағындым Алматымды» әнінақын Қажытай Ілиясовтың «Ынтызарым» әнінен көшіріп алған. «Үшқоңыр» 70% ШәкәрімҚұдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» әнімен бірдей. «Шашбаулым» әнін «Жеңешем»атауымен 1978 жылы өзінің жерлестері Тоқтас Төлендиев пен Әмзе Қалмырзаұлышығарған. «Қара пиманы» шығарған – Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Тілеміс ауылыныңтүлегі Түймебай Өмірзақов. Ал «Қара кемпір» нотаға түсіріліп, «Ана зары»атауымен 1960 жылдан бері Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Фольклоркабинетінің қорында жатыр». Бұл көлемді материалды бірнеше газет бір-біріненкөшіріп жариялаған, қазір де толық түрінде Интернеттен оқи аласыздар. Сегіз жылөте А.Қоразбаев менің сол қаржыны қалай игергенім туралы айтып жүр, менТүркияда вилла, Алматыда 6-7 коттедж сатып алыппын, өкінішті жері, адресінайтпапты, барып-көріп қайтар едік. Енді «жаңа ақпаратқа» мен де жаңа жауапберейін. Қоразбаевтың «Менің дағыбір аққуым бар шығар» әнін Мұхамеджан Рүстемов «Қимаймын» деп сол қалпында өткенғасырдың 70-ші жылдары шығарып қойған.

Үстінен тамшытама берсе, тас жарылады. Менің де Марал ағаға деген шыдамым таусылды. ҚазАҚ-набайланысты тоқ етерін айтайын. 24 қарашада М.Ысқақбай, қызы А.Ысқақбай, басдиректоры С.Исаев үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы (алаяқтық) бойыншақылмыстық іс қозғалды. Негізі: заңсыз «Ғалам-muzik» ЖШС ашылғаны, авторларақшасын депозитке салып өз қалтасын толтырғаны, о дүниелік болған маманныңатынан ақша аударғаны, ж.т.б. Бәрін ашып айта алмаймын, тергеу жүріп жатыр. Текайтарым, талан-таражға салынған қаржы көлемі жарты миллиардқа жетіп қалады, бұлтек қана дәлелденгені.

Француздар«ақымақ өзі қателесіп жүріп үйренеді, ал ақылды басқалардың қатесін көріпүйренер» дейді. Достарыма айтарым, мына ағайлар-апайлар сияқты болмай,беделімізді жоғалтпай, әбиірімізді төкпей дұрыс қартая білейік! Ильф-Петров«Алтын бұзауда» О.Бендер атынан Корейкоға «сен миллионнан айрылдың, ал меніңшығыным санауға келмейді: мен адамзатқа деген сенімнен айрылдым» дейді. МаралЫсқақбай авторлардан ұрлап жинаған миллиондарынан айрылды, ал менің моралдызардабым шексіз: туғанымнан Аға деп сыйлап, шығармаларын қалдырмай оқитынкісінің соншама ұсақтап, соншама жалған айтып, жала-жапқаны көңілімді қалдырдыдеп айтқаным аз болар, дүниеден өткенше жаныма қазық болып батып тұрады.   

БалнұрҚыдырбек, композитор,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Фото: wikipedia.org

Редакциядан: Автордың хаты редакцияныңкөзқарасын білдірмейді. Барлық тарапқа сөз беруге дайынбыз.





Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52