Марал Ысқақбай және Алтынбек Қоразбаевтың қырық өтірігіне жауап

24.12.2019, 13:18

29

Құрметті шығармашылық жолындағы әріптестерім!

Соңғы 10 жыл ішінде «Ит үреді, керуен көшеді» мақалынұстанып, жүйкемді тоздырмай, кейбіреулердің шымшымасын елемей жүруші едім. Бұлжолы да тыныш отыра береріме жанымдағы достарым, құрбы-құрдастарым қарсылықбілдіріп, осы мақаланы жазуға мәжбүрледі.

Марал Ысқақбай ағамыз «Қазақ әдебиетінің» өткен саныныңбірінде «Олар қоғамды тартып алмақ болды» деп жариялапты. Оған қосаА.Қоразбаевпен бірігіп видеомәлімдеме жасаған. Ештеңенің мән-жайына жетпейДулат Исабеков ағамыз бен шешем Дариға Тілендиева да мәлімдеме жасапты. Алшындыққа келсек...

Менің Қоғамға Төраға болып келуіме себеп болған Маралағаның өзі. Қазақстан Авторлар қоғамында түсініксіз жағдай болып жатыр дегендіестіп жүрсем де, мән беріп, елемеген едім. Наурыз айының ішінде қоғамныңтөрағасы Марал Ысқақбай өзі телефон соғып: «Авторлар қоғамына кел, төраға бол»деп ұсынысты өзі айтты. «Ойланайын» дедім. Ертеңінде Композиторлар одағыныңбасқармасын шақырдым. Себебі Композиторлар одағына тіркелген 130 адамның кемдегенде 110-ы Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі. Әріптестеріммен ақылдасыпедім, олар бір ауыздан «бар» деді. Марал ағаға хабарласып: «барамын» дедім. Осыжерде ағам шарт кетті. «Келсең, жиналыссыз, өзің кел. Айлығыңды ал, барамдейтін жеріңе бара бер, жолыңды көтереміз, ал мен Байғали Есенәлиевтіңбүлдірген ісін бір-екі жылдай отырып өзім жөндеуім керек» деді. «Бір-екі жылбойы жөндейтіндей соншама не бүлдіріп едің?» деп Байғалиден сұрадым. Дегенмен,жалған ақша алып, негізсіз (жиналыссыз)Төраға болар мен емес. Сол күндері шешемдүниеден озды, еліміздің батыс өңірінде дайындалған авторлық кештерімнің біреуіменсіз өтіп, біреуі кейінге қалдырылды. Бұрыннан белгілеп қойған Әкемнің 90-жылдығыда кейінге қалды. Дегенмен, Марал ағаның кедергі жасағанына қарамастан  Жиналыс өтті. Сонау Ақтөбеден, Оралдан,Өскеменнен, жалпы жан-жақта жүрген композитордың бәрі келді. Түрлі былықтыңболатынын алдын-ала ескеріп Еуразиялық авторлар қоғамының Конфедерациясынан даадамдар шақырылды. Әзірбайжан авторлар қоғамының басшысы, Ресей авторларқоғамының өкілі, Қырғыз Республикасынан, Алматы қаласы Әділет департаментінің,Медеу ауданы әкімдігінің, басқа авторлық қоғамның өкілдері қатысты. Бәрі деқатысып, жағдайды көзімен көрді. Алайда Марал ағаның өзі келмеді. Бұған алыстанат арытып келген авторлар да, қоғам өкілдері де ашуланып «неге жағдайды өзікеліп түсіндірмейді?» деп  ренішінбілдірді. Жиналысқа БАҚ өкілдері де келіп, «төраға ауысты» деп ақпарат таратты.Қызық осыдан кейін басталды.

Арада екі ай өтті, Төраға төрді де, мөрді де, құжаттар дабермеді, үстімнен түрлі арызды боратып, «Ана тілі» газетіне көлемді сұхбатберіп, мені рейдерлік жасады деп кінәлады. 5 маусым күні ҚР Әділет министрлігімені ресми түрде Төраға ретінде тіркеп, Мемлекеттік базаға енгізді. Ертесінебанктегі Қоғам шоттарын атыма аударып, 2018-19 жылдың кіріс-шығысыныңанықтамасын алдым. Төбе шашым тік тұрды. Бір жарым жыл ішінде жасалған заңсызәрекеттер жарты миллиардқа жуық екен, бұл тек қана ресми банк арқылыжүргізілгені, оның сыртында не жатқанын кім білер. Марал ағаға қайта бардым,наурызда маған жасаған ұсынысын өзіне айттым: «Аға, жұмыс жүре берсін, үш қызыңызғада, ешкімге де тиіспеймін, Өзіңіз Құрметті төраға ретінде алатын ақшаңызды алыпжүре беріңіз». «Жоқ, сотта кездесеміз» деп отырып алды. Қызметкерлері деқозғала қоймады. Жаңа офис ашып, жұмысты нөлден емес минустан бастауға мәжбүрболдым. Жұмыс барысында білгенім: Байғали Есенәлиевтің бүлдірген ештеңесі жоқ; бәлкімЫсқақбайлар жасап жатқан заңсыз әрекеттерді сезе бастаған болу керек,сондықтан  Байғалидан құтылуды көздеген.Соңғы үш жылда М.Ысқақбай шет елдермен жасалған келісім-шарт бойынша бір тиынтөлемеген, СИЗАК халықаралық ұйымына мүшелік жарнасын төлемеген, ҚазАҚмүшелігіндегі өзі мақтанып айтқан 3500 автордың 20 пайызына ақша берілсеқұба-құп. Мәселен, мен соңғы үш жылда жеті авторлық концерт өткіздім, бүкілреспублика бойынша оркестрлер бағдарламасында менің шығармаларым орындалыпжатады. Сонда маған жазып қойғаны 68 мың теңге, ол туралы да тек сот отырысындаестідім.

Марал аға«Б.Қыдырбекті сайлаған жиналыста кворум болған жоқ» деп сотқа берді. Маралағаның өзі өткізген жиналыстардың біреуінде де кворум болмағанын біріншіинстанция соты ескермеді. Мейлі. Олқылық шешімге қуанған Марал аға, баяғыәдетін үдерте, жанына сыбайластарын (менің оппоненттерімді) ертіп алып байбаламсалып жүр. А.Қоразбаев жағдайы белгілі. Оның 2011 жылы мен туралы Композиторлародағының дүние-мүлкін сатып жіберді деген өтірігіне сол кезде мынадай жауапбергенмін: «Шыны керек, «Алтекеңнің бастан-аяқ өзі шығарған әні бар ма екен?»деген күмән бар. «Қызым, саған айтамын» – Мұратхан Егінбаевтың «Аңсағанымауылым», «Сарыарқа» – Марат Ілиясовтың «Сарыарқа сазы» әні екенін барлығыбіледі. «Сағындым Алматымды» әнін ақын Қажытай Ілиясовтың «Ынтызарым» әніненкөшіріп алған. «Үшқоңыр» 70% Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» әніменбірдей. «Шашбаулым» әнін «Жеңешем» атауымен 1978 жылы өзінің жерлестері ТоқтасТөлендиев пен Әмзе Қалмырзаұлы шығарған. «Қара пиманы» шығарған – Жамбылоблысы, Мерке ауданы, Тілеміс ауылының түлегі Түймебай Өмірзақов. Ал «Қаракемпір» нотаға түсіріліп, «Ана зары» атауымен 1960 жылдан бері Құрманғазыатындағы Ұлттық консерваторияның Фольклор кабинетінің қорында жатыр». Бұлкөлемді материалды бірнеше газет бір-бірінен көшіріп жариялаған, қазір де толықтүрінде Интернеттен оқи аласыздар. Сегіз жыл өте А.Қоразбаев менің сол қаржынықалай игергенім туралы айтып жүр, мен Түркияда вилла, Алматыда 6-7 коттеджсатып алыппын, өкінішті жері, адресін айтпапты, барып-көріп қайтар едік. Енді«жаңа ақпаратқа» мен де жаңа жауап берейін. Қоразбаевтың «Менің дағы бір аққуымбар шығар» әнін Мұхамеджан Рүстемов «Қимаймын» деп сол қалпында өткен ғасырдың70-ші жылдары шығарып қойған.

Үстінен тамшы тамаберсе, тас жарылады. Менің де Марал ағаға деген шыдамым таусылды. ҚазАҚ-набайланысты тоқ етерін айтайын. 24 қарашада М.Ысқақбай, қызы А.Ысқақбай, бас директорыС.Исаев үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстықіс қозғалды. Негізі: заңсыз «Ғалам-muzik» ЖШС ашылғаны, авторлар ақшасындепозитке салып өз қалтасын толтырғаны, о дүниелік болған маманның атынан ақшааударғаны, ж.т.б. Бәрін ашып айта алмаймын, тергеу жүріп жатыр. Тек айтарым,талан-таражға салынған қаржы көлемі жарты миллиардқа жетіп қалады, бұл тек қанадәлелденгені.

Француздар «ақымақөзі қателесіп жүріп үйренеді, ал ақылды басқалардың қатесін көріп үйренер»дейді. Достарыма айтарым, мына ағайлар-апайлар сияқты болмай, беделіміздіжоғалтпай, әбиірімізді төкпей дұрыс қартая білейік! Ильф-Петров «Алтын бұзауда»О.Бендер атынан Корейкоға «сен миллионнан айрылдың, ал менің шығыным санауғакелмейді: мен адамзатқа деген сенімнен айрылдым» деген. Марал Ысқақбай авторларданұрлап жинаған миллиондарынан айрылды, ал менің моралды зардабым шексіз: туғанымнанАға деп сыйлап, шығармаларын қалдырмай оқитын кісінің соншама ұсақтап, соншамажалған айтып, жала жапқаны көңілімді қалдырды деп айтқаным аз болар, дүниеденөткенше жаныма ұрған қазық болып батып тұрады.   

Балнұр Қыдырбек,композитор,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді. Екінші тарапқа да сөз беругедайынбыз.

Фото: wikipedia.org

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36