Марат Ахметжанов: Қағазға емес, халыққа қызмет ету керек!

Сайт әкімшілігі

28.04.2022, 17:28

1280

Қазақстанда ішкі істер саласын цифрландыру мықтап қолға алынады. Жуырда Шымкентке келіп, жиын өткізген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деді. 

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, прокуратура, әкімдік қызметкерлері, депутаттар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Шымкентке жақын орналасқан Түркістан облысынан Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысты.     -Жыл сайын еліміздің жолдарында 2 мыңнан астам адам қаза табады. Әрбір осындай оқиға – олардың туыстары мен достары үшін қайғылы жағдай болып табылады. Біз бейбіт уақытта адамдарды жоғалтпауымыз керек. Ал жылдық есептерде жол апаты азайды, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны,  айыппұлды қағаз түрінде айтып есеп береміз. Ендігі кезекте тек есеп берумен шектелмей, жұмысты одан ары жандандырып, халық үшін үздіксіз қызмет етуіміз қажет. Еліміздің тұрғындарының жолдардағы     қауіпсіздігі үшін күш пен қаражат жұмсағаннан, оның алдын алу тиімді болмақ,-деді Марат Ахметжанов.

Ішкі істер министрі елімізде алғаш рет қолданысқа енген «Қорғау» деп аталатын бағдарламаны көпшілікке таныстырды. Бұл жоба 20 сәуірден бастап  Шымкент қаласында іске қосылды. Нақтырақ айтсақ, бұдан бұлай Шымқалада Сергек, Жедел басқару орталығы, Патрульдік полиция үшеуі бірлесе отырып, болуы мүмкін жол апаттарының, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алады. Яғни полицейдің қолындағы планшет кез келген көлік жайлы мәліметпен толығады. Ал айыппұлдарын миллиондап төлемей жүргендер, жалған мемлекеттік нөмір таққандар, ұрланған көлік басқарғандар көзден бір сәтке таса бола алмайды.

Полицей қолжетімді ақпарат арқылы жол ережесін өрескел бұзушыны бірден анықтайды. Өз кезегінде М. Ахметжанов осы бағыттағы жұмысты көршілес Түркістан облысы да қолға алуды тапсырды. Ең бастысы —  Заң алдында барлығы тең деп атап өткен бас полицей, мемлекеттік органдардың басшылары жол жүрісі қағидаларын сақтау және әкімшілік айыппұлдарды өтеу бойынша қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізуге кеңес берді. 2022 жылды Балалар жылы қарсаңында жасөспірімдердің қауіпсіздігі де қатаң бақылауға алынғанын тілге тиек етті.

Тегтер: қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01