Марат Бәйділдаұлы, жазушы-публицист: Мәңгілік алау да мәңгілікке өшер

Сайт әкімшілігі

12.05.2021, 07:32

1258

9 Мамыр – Екінші жаһан соғысы құрбандарын еске алу күні қалай аталып өтіп  жатыр екен, білейін деп, Алматыдағы Мәңгілік алау жаққа барғам ғой, әдейі. Қараң-құраң жұрт көрінеді. Пандемияның да салдары болар. Бұрынғыдай қалың нөпір байқалмайды. Көбісі кеудесіне георгиев лентасын тағып алғандар. Бірақ өткен жылдардағыдай жеңісжындылық (победобесие) жоқ. Қазақтар аз. Бес-алты қаракөз қыз-жігіт орыс тілінде майдан әндерін айтып тұр. Мәңгілік алаудан Клочков қорғаған қабырғаға дейін гүл төгіліп жатыр.       Анадайда ту сыртында «МЧС России» деген жазуы бар жартылай әскери формадағы ұзын бойлы орыс жігіті мен орыс қызы «СССР» деген қызыл жалау көтеріп барады. Ортасында әрең қозғалатын дәу семіз иті бар.

– Почему вы несете флаг СССР?

– Что нельзя?

– Нельзя!

– Почему?

– Потому, что это меня оскорбляет. СССР – был самой кровожадной страной. За 74 года во власти они истребили около 90 млн своих граждан, в том числе 10 миллионов казахов. В результате рукотворного геноцида погибли непосредственно мои близкие родственники, деды и бабушки!

 – Мы из МЧС России!

– Ну и что? Кто вас просил поднять флаг СССР?      

Әлгілер үндемей, Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткіші жаққа тығылды.      Ол жақта да жауынгерлік формадағы бір қазағымыз қызыл жалау көтеріп алыпты.

– Ей, шырағым, мынау не?

– Ой, аға, бұл Рахымжан Қошқарбаевтың рейхстагқа тіккен жалауы ғой! –дейді.

Ойпырмай, зымиян идеологияның СССР жалауын өздерінше бүркемелеген түрі. Батырдың атын айтсақ, ешкім аузын аша алмайды дегені ғой. Яғни келесі жылдарда бүкіл СССР атрибутикасына тыйым салу қажет деген сөз.    Тіпті атрибутикасымен қоса, бүгінде отқа табынушылықтың көрінісіне айналып кеткен Мәңгілік алауды да мәңгілікке өшіретін кез жеткен сияқты. 28 панфиловшылар паркінің атын «Отан қорғаушылар паркі» деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасап келе жатқанымызға да бес жыл болды. Клочковтың ойдан шығарылған ерлігінен гөрі сонау Атилладан бастап, соңы Қайрат Рысқұлбековке дейін күллі батырларымызға ашық аспан астында мұражай ашып қойса, ең ғажабы сол емес пе?      Мұнда екі сағат жүріп, екі танысымызды әзер кезіктірдік. Қазақтардың өздерінің әлі санасы төмен. «Победа» десе болды, фашистермен болса да, құшақтасып суретке түсуге әзір.      Қалдаяқов көшесіне қарай өтіп бара жатып, бұрышта гүл сатып тұрған кемпірді ойбайлатып, букеттерін жұлып сындырып жатқан екі полицияны көрдім. Бірі сындырған букеттерді қолтығына қысып, көлігіне алып кетті. «Гүлдерімді қайтарыңдаршы, ақшаға сатып алдым ғой, балаларымды қайтіп асыраймын?!» деп зар қаққан кемпірге қоқан-лоқы жасап, мәшинесімен алып кетпек болып тұрған екінші полицияға «Аналарыңдай үлкен адамға тиісіп қайтесіңдер? Қойсаңдаршы!» десем, «Бастықтарымыз солай талап етіп жатыр, мен қайтейін» дейді ақталып. Полиция шетелдің туын көтеріп, тайраңдап жүргендерде шаруасы жоқ та, әншейін гүл сатып, тиын-тебенмен бала-шағасының нәпақасын айырып жүргендердің төбесін шоқиды.       Қазақстан үшін үйреншікті көрініс.  Осылай көңіліміз құлазып үйге қайттық. Тек кеудемізде «көп ұзамай Мәңгілік алау да мәңгілікке өшер» деген сенім ғана лаулай берді.

Тегтер: соғыс тарих тағылым. естелік ерлік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40