03.03.2021, 17:51
2525
Алматы облысының Қорам ауылында төрт қызды қағып кеткен мас «Уаз» жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті,
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.
Еске салайық, 2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған екі 8 жастағы, екі 9 жастағы төрт қызды қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған үш бала әртүрлі дене жарақатымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды, төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.
"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторында. Жол-көлік оқиғасына ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 2-бөлігі «Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекет» бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады «Жас Алашқа» Алматы облысы ПД өкілдері.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР