08.02.2021, 10:31
2788
Ресейлік ғалымдар маска тағу режимі қашан алынатынына болжам жасады, — деп хабарлайды РИА Новости.
Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог дәрігер Зоя Скорпилева бұл шешімді қабылдау үшін бірнеше фактор сақталуы керегін, оның ішінде, ұжымдық иммунитет қалыптасып, вакцинация жүргізілуі керегін айтады.
Ал аллерголог-иммунолог дәрігер Владимир Болибоктың сөзінше, маска тағу режимі сәуірде алынуы мүмкін. Маман да маска тағу режимін алу үшін ұжымдық иммунитет қалыптасуы керегін айтады.
Бұған дейін Гамалеи атындағы орталық профессоры Анатолий Альтштейн жаппай вакцинация жасалған жағдайда жыл соңына дейін шектеу шаралары алынуы мүмкін екенін айтқан.
Ал отандық ғалымдардың пайымынша, Қазақстанда сақтық шаралары толыққанды орындалып жатқан жоқ, санитарлық норманы сақтауға, ара қашықтық, қоғамық көліктерде маска тағу, қоғамдық орындарға көп жиналмау тәрізді жайттарға ел тұрғындары әлі де салғырт қарау басым.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР