Маскүнемдікпен күресу мүмкін бе?

Әділ АҚЫЛБАЙ

19.04.2022, 14:44

1549

Қазақстан үкіметі маскүнемдікпен күрес жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кезең-кезеңмен келелі жұмыстар жүргізіп келеді. Алайда мемлекет алкогольге тәуелдікпен күреске қанша жерден күш салса да, бұл мәселенің бәрібір әлі де өте өткір түйткіл болып отырғаны бар.

Қу арақ мыңдаған адамның тағдырына балта шабуда. Қаншама отбасы ойран болып, қаншама үміт өшіп, өмірлер үзілуде. Бұл маскүнемдік деген әлі де Қазақстан қоғамының ауыр дерті болып келеді. Ішімдікке отбасылық және өмірлік қиындықтарға тап болғандар да салынады, басында пәлендей қайғысы жоқтар, тіпті жетіскенінен де салынатынын көріп жүрміз. Алкоголь адам миындағы ләззат сезіну орталықтарын қоздырады. Бастапқыда қиын сәтте демеу, шаршаған жанға тыныс болар қасиеті бар сияқты көрінетін алкоголь тәуелділікті тез туғызады. Ішкіштер жүре келе ішкен арағының қызығын көруден қалып, оның орнына ішпесе тұра алмайтындай, ауыр кеселге сөзсіз душар болады. Бөтелкенің түбінен бақытын тауып, мұратына жеткен ешкім жоқ. Алкогольдің адам ағзасының бұзылуына әкеп соғатынын медицинада дәлелденген факт. Ендеше, алкогольге тәуелділікті жүйелі түрде емдеуді талап ететін кәдімгі ауру деп қарастыруға болады.

Алкогольді ішімдіктер адам ағзасына тигізетін тікелей зияндарын айтпағанда, мастарды неше-түрлі қылмыстарға итеріп жатады. Теріс әлеуметтік салдары мол. Қоғамдық тәртіпті бұзатындар, қылмысқа барғандар арасында мас тұлғалар көптеп кездесіп жатады. Мас жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік апаттарынан қаншама жазықсыз отандастарымыздың өмірі қиылып, денсаулығына зардаптар келіп жатыр. Тапқан-таянғанын араққа салып, мас күйінде отбасының шырқын бұзып, балаларын ұратын, жақындарын қорлап, әйелін көк ала қойдай сабайтын еркектер туралы жиі естіп-біліп жатамыз. Алкогольге тәуелділіктен отбасылар ажырасып, оның зардабын балалар тартуда. Тіпті маскүнем ата-анасынан, ішкіш ересектерден көргенін қайталап, жасына жетпей, ішімдікке үйір болатын балалар да кездеседі. Алкогольге тәуелді отбасыларда физикалық және психикалық денсаулығы кеміс балалар дүниеге келіп жатады. Осының бәрін қорыта келгендегі айтпағымыз, бұл мәселеге барынша зор мән берілуі тиіс.

Қазақстанда алкогольге салынушылықпен жан-жақты күрес жүргізіліп келеді. Мемлекет бұл мәселені назарынан тыс қалдырмақ емес. Алкогольге қарсы түрлі іс-шаралар бар. Барлық мемлекеттік мекемелерде салауатты өмір салтын насихаттау қолға алынған. Қазақстан үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Ондағы басты міндеттердің бірі – халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту. Ал ең бір маңызды жоспарлы индикаторлардың бірі – 2025 жылға қарай елімізде азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі және 18 жастан асқан адамдардың таза спирт литрімен тіркелген алкоголь тұтынуын 6,5 литрге дейін азаюы.

Алкоголь тұтыну – Қазақстандағы аурулардың жалпы ауыртпалығындағы негізгі қауіп факторларының бірі. Бауыр циррозынан және жарақаттанудан болған еліміздегі еркектер мен әйелдер өлімінің елеулі себебі ішімдік ішу екен. Міне, ойланатын, мән беретін мәселе...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01