«Масыл» аналарға үкімет ұстанымы өзгере бастады

07.10.2019, 15:28

11

Көпбалалы отбасында балалардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ осындай бастама көтерді. 
Сөзіне сенсек, министрлік атаулы әлеуметтік көмекті беруге қатысты заңды өзгертіп, түзетпек. Сондағы басты бағыты мен ниеттері – еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алудағы ашықтық пен әділеттікті орнату. Министрлік өкілі келтірген дерекке қарағанда, атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалардың 60 пайыздан астамы көпбалалы отбасынан  шыққан. 
«Осыған байланысты АӘК алу үшін көпбалалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың мәртебесін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады», – деді Б.Нұрымбетов.
Атаулы әлеуметтік көмек шыққалы қоғамда өршіп кеткен дауды мінекей, осылай шешпек екен. Жоба мен бастама жаман емес сияқты. Естеріңізге сала кетсек, үкімет көпбалалы аналарға өздері атаулы әлеуметтік көмекті беріп алып, кейіннен оларды сотқа сүйреп, заңсыз ақша алдың деп айыптаған еді. 
Мәселен, осындай келеңсіздікті Қарағанды облысындағы Шахан елді мекенінің тұрғыны жеті баланың анасы Назгүл СӘРСЕБАЕВАҒА қатты тартты. Шахтинск қалалық сотының судьясы Сәрсенбаевтар отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек ретінде бес ай бойы алған  517 мың теңгені кері қайтарсын деген  шешімшығарған  еді. 
Алматы облысының Көксу ауданында 300-ге жуық көпбалалы ана да осындай  сергелдеңге түскен  болатын.

Билік өз қателігін кеш те болса, түсінген секілді. Бірақ,осыған дейін «масыл» атандырып, жүйкесін жұқартқан көпбала аналардан кешірімсұрай ма?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39