Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына бюджеттен 15 млрд теңге шығындалмақ

Сайт әкімшілігі

21.10.2020, 09:41

618

Парламент Мәжілісі мен мәслихатар сайлауына Қазақстан бюджетінен 15 млрд теңге жұмсалады. 

— Үкіметке ұсынылған 2020 жылға арналған шығындардың сметасы шамамен 10,8 млрд теңге. Ол шығынның дені жалақыға жұмсалады деп жоспарланған, 70 681 мүше мен 10 061 сайлау комиссияларына 7,3 млрд теңге немесе шығынның 68% жұмсалады, — деді ОСК хатшысы Сабина Мұстафина.

Сметадағы 3,5 млрд теңге сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шығындарына жоспарланған. Бұл бюллетень дайындау, полиграфиялық және өзге де өнімдер, сайлау үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық қолдау және сайлау комиссияларына қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау шығындары.

— Пандемия жағдайында бұл жолғы науқан карантиндік шаралардың сақталуымен өткізіледі. Сол себепті жеке қорғаныс құралдары үшін 341,4 млн теңге жұмсау көзделіп отыр, — деп қосты.

Сайлау шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасында 4,5 млрд теңге сомасында көзделіп қойған. Бұл ақша түгелдей сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысын төлеуге жұмсалады.

— Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына шамамен 15,3 млрд теңге шығын жұмсалады, — деді Сабина Мұстафина.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 18:13
Сыр өңірінде құрылысшылар күніне орай бірнеше ірі нысанның іргетасы қаланды
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:23
"Олар диагноз қоя алмайды", Алматы облысында тұрғындар аурухана дәрігерлеріне шағымданды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49