11.11.2019, 11:22
107
Белгілі кәсіпкер Ерлан НЫҒМАТУЛИН сотта жеңіске жетті. Олар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келді деп «BAYANөндірістік компаниясы» ЖШС-нің директоры А. ЫСҚАҚОВТЫҢ үстінен шағым түсірген еді. Бұл туралы zakon.kzинтернет-басылымы хабарлады.
Мәжіліс төрағасыНұрлан НЫҒМАТУЛИНІҢ бауырына қатысты даубылтыр басталған еді. 2018 жылы «BAYAN өндірістік компаниясы» ЖШС-нің директоры А. Ысқақов Қазақстанпрезиденті, премьер-министр және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңбасшысына шағым түсірген. Ол жерде Ерлан Нығматулин өндірістегі жұмысын тартыпалып, рейдерлік жасады деген айыптар тағылған.
Алайда, сот бұл сөздерді дәлелсіз деп, Ысқақовқа кешірімсұрап моральдық шығынды (ақшалай) өтеуді тапсырды. Қызығы, Нығматулингешағымданып жүрген бір ғана Ысқақов емес. Биылғы жылдың ақпан-наурыз айында «Транс CompanyGroup» ЖШС-нің ұжымы бірінші президентке,президент әкімшілігінің басшысына ішкі істер министрінің орынбасарына осытектес шағым түсірген.
2019 жылдың сәуірайында DAT газетінде «ВИРАЖИ брата СПИКЕРА» атты мақала жарияланған. Ол жерде «Вираж-Сервис-Караганда»ЖШС-ніңжүргізушілері Ерлан Нығматулинге шағымданған.
Фото: thtv.pro
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР