Медиа апталықта не айтылды?  

29.09.2018, 06:00

11

Биыл екінші рет ұйымдастырылған Astana Media Week, яғни Астана медиа апталыққа жиналған шетелдік БАҚ өкілдері мен Қазақстан журналистері өзара пікір алмасып, жас тілшілерге әр тақырыпта әр деңгейдегі семинарлар өткізді.Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Астана медиа апталығын бұқаралық ақпарат құралдарының жиналатын, жинала келе, бір-бірін алаңдататын мәселелерді талқылап, өзара байланыс орнатып, бірге дамудың жолын іздейтін алаңға айналдырды. Биылғы кездесу қандай мақсатта өтіп, жиналғандар қандай ақпарат жүгін көтере кетті дегенге шолу жасалық.AMW. Алғашқы күн: Телеарналар мен продакшн студиялардың ынтамақтастығыӘріптестеріміз жақсы біледі, Астана медиа апталығы әдетте телеарналар мен радио, газет-журналдар мен сайттардың көрмесінен басталады. Апталыққа қатысамын деп, ынта танытқан БАҚ-тар «Қазмедиа» орталығының бірінші қабатына жиналды: өзара ақпарат алмасып, радиолар көрме алаңында әртүрлі спикерлермен сұхбат жүргізді. БАҚ-тардың бұл шағын көрмесі үш күн бойы тоқтаған жоқ.Ал, жалпы «Astana Media Week — 2018» шарасының  бірінші күнгі тақырыбы телеарналар мен радио компаниялардың, сондай-ақ, осы саладағы коммерциялық нарық, яғни, продакшн студиялардың, жекеменшік продюсерлік орталықтар  мен кино-орталықтардың өзара тиімді диалог орнатуына арналды.Қазір телеарналардың көбі продкашн студиялар және продюсерлік орталықтармен жұмыс істейтіні анық. Отандық телеарналардағы сериалдарды, шоу бағдарламаларды, әртүрлі жанрдағы авторлық жобалардың өзін көбіне продакшн студиялар түсіреді де телеарналарға сатады. Сондықтан, тапсырыс беруші, яғни, мемлекеттік және жекеменшік телеарналар сапалы өнім алу үшін сапалы студия іздейді. Медиа апталықты ұйымдастырушылардың бірі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің позициясы да осы – осы нарықтағы әр бағыт өкілдерін тиімді, сапалы байланыс орнатуға ықпал жасау.-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық медиа саласын дамытуға әрдайым айрықша көңіл бөліп отырады. Осымен екінші рет өтіп отырған Astana Media Week елімізде ғана емес, аймақта да медиа нарықты қалыптастыруға және одан ары дамытуға серпін береді деп сенемін. Өйткені елордамыздың төрінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен бөлек, шетелдік әріптестер де өз ойларын ортаға салады. Бұл шараның негізгі мақсаты — отандық медиа нарықты жан-жақты дамыту ғана емес, мәдени және ақпараттық байланыстарды да тереңдету. Байланысы мықты мемлекеттің қорғанысы да қуатты, — деді апталықты ашып берген Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.Продакшндар көрерменге не ұсынады? Апталық көрмесіне келіп, өз «тауарларын» таныстырған продакшн студиялар болса, қазір қазақ телеарналарының даму қарқыны өте тез өсіп келеді дейді. Соңғы уақытта бюджеті көп тапсырыстар да осы мемлекеттік телеарналар мен қазақ тілді контентке арналған бағдарламалардан түседі екен.Мәселен, «MG Production» кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков келесі жылы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»  романын экранизациялайтынын хабарлады.-Кезінде Абай атамыз «Құдай-ау, қайда сол жылдар, махаббат, қызық мол жылдар, ақырын ақырын шегініп, алыстап кетті-ау құрғырлар» деп жырлағандай, осы төрт жол өлеңді бетке ұстай отырып, марқұм болған Әзілхан Нұршайықов ағамыздың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша он сериялық телехикая түсіруге дайындық жасап жатырмыз, — деп хабарлады Ернар МӘЛІКОВ Astana Media Week-ке келген әріптестеріне. Екінші Астана медиа форумына жалпы саны елуге тарта продакшн студиялар қатысты. Ал, министр Дәурен Абаев былтырғы медиа апталыққа қатысқан студиялардың өнімі биыл 18 телеарнадан көрсетілетінін хабарлады. — Astana Media Week-ке журналистер ғана емес, сарапшылар, PR мамандар және шетелдік қонақтар да шақырылып отыр. Барлығы 2 мыңнан астам адам қатысып жатыр екен. Былтыр Astana Media Week аясында алғаш рет продакшн компаниялар үшін контент маркет ұйымдастырылған еді. Соның арқасында республикалық арналар жаңа әріптес тапты. Осы жолғы контент маркетке 18 республикалық және аймақтық арна өнімдері шығарылады, — дейді Абаев.AMW. Екінші күн: Өңірлік БАҚ: Бүгіні мен болашағыAstana Media Week-тің екінші күні өткен өңірлік БАҚ форумы – әр аймақта қосыны бар республикалық телеарналар мен газеттерден бастап, аудандық басылымдардың мәселелерін көтерді деуге болады. Форум спикерлері телеарналардың аймақтағы рейтингтерін, газеттердің сатылу көлемін, сайттардың қараламындағы ерекшеліктерін сөз етіп, кім (қандай БАҚ — авт) қай деңгейде қандай сападағы контент таратып отырғанына шолу жасады.Өңірлік БАҚ форумын ашқан Ақпарат министрі мемлекеттік өңірлік БАҚ-тардың міндеті Президенттің тапсырмаларын жұртшылыққа жеткізу десе, форумға қатысқан сарапшылар бұл міндеттен басқа, аймақтық БАҚ-тар Қазақстанның түпкір-түпкірінен оқиғаны бірінші болып тарату арқылы рейтинг те, жарнама да жинай алады дейді.-Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» деген әдемі сөз бар. Форумдағы негізгі мақсаттардың бірі — сіздер бір-бірлеріңізді танып, біліп, пікір алмассын деген ниет. Осылайша еліміздің медиа саласын әртараптан емес, ортақ мүдде аясында дамытса дейміз. Осы орайда қазіргі күні өңірлік ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол — Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және рухани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру, — деді Абаев.Теледидар әлі де трендтеӨңірлік БАҚ-тардың бүгінгі мәселелеріне тоқталған TNS Central Asia бас директоры Татьяна Старцева ең алдымен телеарналар мен радио-журналдардың аймақтардағы рейтингіне тоқталды.-Халықтың БАҚ қарап, көруге бөлетін уақытының шамамен 50% теледидар алады. Екінші орында интернет — 32%, радио — 15%, дәстүрлі баспасөз — 3%. Осылайша, үш жылдың ішінде телевидение үлесі 8% қысқарып, интернет үлесі 11% артып отыр. Радио мен дәстүрлі баспасөз үлесі іс жүзінде өзгеріссіз, — деді ол.Татьяна СТАРЦЕВАДАН дәл ауыл халқының БАҚ-тарға қатысты рейтингін сұрадық. Біз болжағандай, барған сайын ауыл халқы ақпаратты интернеттен көп алатын болған.-Ауылдықтардың дағдылары қазір біршама басқаша. Халықтың 51% инетрент қарап, 36% радио тыңдайды, тағы 10% пайызы баспасөзді оқиды. Соңғы 3 жылда интернеттегі үлес өзгергенін, яғни, өскенін анық байқауға болады. Интернетке күнделікті кіретіндер саны  айтарлықтай артты, соңғы үш жылда — 14% артты. Теледидарды көретін күнделікті аудитория 5%, баспасөз оқитындар саны 5% қысқарды. Ал радио аудиториясы шағын болғанымен, өте тұрақты, — дейді сарапшы. «Оқуды қойса, ойлауды қояды» Өңірлік медианың даму конференциясына қатысқан танымал тәжірибе журналист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре ЖҮСІП дәстүрлі БАҚ-тарды «өлтіруге» тырыспайық дейді.-Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары газеттер, журналдар нарық жағдайына төтеп бере ала ма, өмір сүре ала ма, болашағы қалай болады деген мәселе туралы әлемде де, оның ішінде Қазақстанда да көптен бері әңгіме орын алып жатыр. Кейбір сарапшылар «газет-журналдар уақытпен бірге жылыстап шыға береді» дегенді айтады. Кейбіреулер «газеттердің күні бітті, өлді не болмаса жақында жаназасын шығарамыз» деген ниетте. Қалай өлтірмеуге болады.Біздің қазіргі қоғамда ойлауды қойған адамдардың қатары көбейетін сияқты. Өйткені оқуды қойған адамдардың қатары көбейді. Газет те, кітап та оқылмайды. Сонда не үшін шығарып жатырмыз?  Қазақстанда жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен әлеуметтік бағдарланған қаншама кітап шығады. Соларды кім оқып жатыр? «Мәдени мұра» аясында 100 томдық «Бабалар сөзі» атты ғаламат энциклопедиялық еңбек жинақталып, сөрелерге қойылды. Қазір бетін ашатын адам бар ма?, — дейді ол.Жылдамдық және мазмұнАл, Ақпарат және Комуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан НҮКЕЖАНОВТІҢ пайымынша, егер БАҚ оқырман не көрерменге ақпаратты жылдам әрі тақырыбын аша тұрып, әрі сол тақырыбына сай мазмұн ұсынса, рейтинг артады.-Адамдар интернетке кіргенде 8 секундтың ішінде ақпарат ала алмаса, назарын жоғалтады. Қазір бұл уақыт одан да қысқарып барады. Соңғы зерттеулерге қарасақ, 3 секунд қана қарайды екен де, шығып кетеді. Осыған тән құбылыс болар, біздің біраз баспасөз мазмұн емес, көбінесе тақырып берумен айналысып кетті. Яғни, үлкен тақырып береді. Тақырып адамды баурап алса, онда ол оқиды, қарайды. Тақырып баурамаса оның ішінде қызықты дүниелер болса да, аттап кетеді. Сол себепті тақырып қоюды да үйренуіміз керек шығар. Ол да үлкен мәселе әрі журналистік кәсібилікке байланысты. Мұны оңай реттеуге болады деп ойлаймын, — деді комитет басшысы өңірлік БАҚ-тардың форумында.AMW. Үшінші күн: Масс-медиа сандық экономиканың табысты саласына айнала аладыМедиа апталық биылғы жұмысын Digital Forum-мен аяқтады. Қорытынды күннің форумы сандық экономикадағы жаңа салаларға, интернеттегі жарнамаға, жалпы, БАҚ-тардың экономикалық әлеуетін арттырудың жаңа тәсілдеріне арналды.Сарапшылардың айтуынша, қазір ақпараттық сайттардың өрлеп тұрған шағы. Яғни, интернеттің дамуымен қатар, ақпараттық сайттардың саны ай сайын артып, газет-журналдар тиражын азайтып, осы онлайн-режимге ауысып жатыр.  Бұл әлемге тән құбылыс. Мәселен, Ұлыбританияда аймақтық және жергілікті газеттердің саны 2005-2018 жылдардың аралығында 200-ге дейін төмендеген. АҚШ-та күнделікті баспасөз таралымы  1994 жылғы 60 миллионнан 35 миллионға дейін төмендеп отыр. Газет-журнал таралымының азаюы жарнама нарығына да әсерін тигізген: 2000 жылдары әлемдік деңгейде баспасөздегі жарнама нарығы 65 млрд доллар болса, қазір бұл статистика 14 млрд долларға тең.Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан НҮКЕЖАНОВ жарнамадан «қағылып» отырған басылымдарға бірнеше гаетті, соның ішінде «Жас Алаш»  газетінің тәжірибесін үлгі етті.арнама сандық технологияларға кетіп жатыр. Дегенмен мұнан шығу жолдары да қарастырылған. «Вашингтон пост», «Нью-Йорк Таймс» газеттерін алып қарайтын болсақ,  оларда цифрлық жарнама 2016 жылдан бері өсіп жатыр. Ал, біздің елде «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Жас Алаш» сынды отандық басылымдар жарнама нарығындағы тығырықтан шығу жолдарын қарастырып, нақты нәтижелерге де қол жеткізе бастады. Яғни, газетте жазылған мақалаларын сайтқа шығармайды, сайттағы ақпаратты газетке баспайды. Сол арқылы екі жақты тең ұстап отыр.«Egemen Qazaqstan» газеті төте жазу, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Иран, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде де өз оқырмандарын тауып отыр және оның пайызы жылдан-жылға артып келеді. Бұл біздің баспасөз үшін үлкен мүмкіндік деп білемін, — деді Ержан Нүкежанов.Фото: mic.gov.kz      
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16