Медициналық сақтандырудың жыры басылмай келеді

Бифат ЕЛТАЕВА

23.12.2021, 08:50

1946

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі дегеннен көпшілік әу бастан бұл жүйеге қарсы болған еді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң алғаш рет 2017 жылдың 1 шілдесінде қабылданып, күшіне енген болатын. Заң талаптарына сәйкес, сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейді. Ал бұл жүйе, шынында, қалай жұмыс істейді? Артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?    

   «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ маманы Лаура Сапарбекованың түсіндіруінше, МӘМС-тің артықшылықтары көп. «Мәселен, тиімділігі жарна төлеу көлеміне қарамастан, қымбат медициналық көмектерді кез келген адамның алуына болады. Халық үшін керек. Өйткені кез келген адамның ақылы емге қаржысы жетпейді. Жүйеге қатысушы бар мүмкіндікті алуына жағдай жасалып жатыр. Ауыл медицинасына бөлінетін қаржы көлемі де артты. Жылжымалы медицина да жұмыс жасап жатыр», – дейді ол.

      Сондай-ақ МӘМС 2020 жылдан бастап жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер тіркелген емханадан бөлек, жекеменшік емханаларда да тістерін тегін емдетуге құқылы. Мұны бірі білсе, бірі білмес. Халықтың басым көпшілігі дұрыс ақпараттандырылмаудың салдарынан бұл жаңалықтан мақұрым десек те болады. Ал бұл заңға қайта оралсақ, стамотологиялық көмекті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен «Алтын алқа», «Күміс алқаға» іліккен көпбалалы аналар, 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен атаулы көмек алушылар тегін емделе алады. Сонымен қатар зейнеткерлер мен мүгедек балаға күтім жасайтындар, үйде жұмыссыз отырғандар да осы топқа кірген. Өзге де қазақстандық азаматтар тегін көмекті алу үшін, бастысы, МӘМС-ке тіркелуі керек. Екіншіден, МӘМС арқылы кейбір дәрі-дәрмектер де тегін беріледі. Сондай-ақ Қазақстан аумағында өзіңіз таңдаған кез келген емханада медициналық көмек ала аласыз.

        Сіз үшін көрсетілген қызметтің шығындарын <a href=«fms.kz/kk» style=«font-family:»Times New Roman",«serif»; color:#0563c1; text-decoration:underline" target="_blank">Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

 төлейді, ТМКК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрлерінен босатыласыз; сіздің пайдаңызға аударылған жарналар мен медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар; сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда қор сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды қорғайды; МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

       Ал кемшіліктеріне келсек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қалай пайдалану жайлы көп жерде нақты, түсінікті ақпараттар жүргізілмейді. Тек газет, теледидар арқылы ғана емес, емханалардың өзінде  науқасқа МӘМС туралы ақпарат беріп отырса жөн болар еді. Толық ақпараттандырылмаудың салдарынан да әлеуметтік желілерде халықтың көңілі толмайтыны жөнінде көптеген пікірлер жазылып жатады. Мәселен, Нұрдос Жәмелұлы есімді азамат: «Медициналық сақтандыру жөнінде толық мағлұмат жоқ. Жалпы сақтандыру түк те керек емес. Қайда барсаң да, ақшасыз емделе алмайсың», – десе, Жанкелді Мырза: «Медицина саласының жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Емделуге барсаң, дәрігерді орнынан таппай жатамыз. Ал айлығымыздың 2 пайызын қырқып отыратын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен емделу оңайға түспейді», – дейді.

    Шынында, қалтаны қармап түсіретін МӘМС-тің пайдасын көріп жатқандардың қарасы аз. Осы мәселеге қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкері Лаура Сапарбекова: «МӘМС жүйесінің енгізілуі карантинге сәйкес келуіне байланысты халық оның көптеген шарапатын сезінбей қалды. Өйткені медицинаға бөлінген қаржының басым бөлігі ковидке шалдыққан науқастарды емдеуге жұмсалды. Арыз-шағымның түскені дұрыс. Кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жұмысты жақсартуға болады», – дейді.

     Сондай-ақ МӘМС мамандары медициналық сақтандыру халықтың қалтасынан денсаулыққа шығатын шығындарды қысқартуға бағытталған реформа екенін айтады. Олардың түсіндіруінше, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастаған. Өткен 11 айда сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген КТ/МРТ, ПТР сынды т.б. қызметтер саны өткен жылдармен салыстырғанда үш есе артқанын айтады.

                      Талонмен кезекке тұрудың тиімсіздігі

     Медициналық сақтандырудың тиімсіздігіне келсек, кемшіліктер жетіп-артылады. Ай сайын халық сақтандыруға ақша аударғанымен, осы уақытқа дейін көбісі МӘМС көмегіне жүгіне бермейді. Бұл жөнінде Азат Елемесов есімді оқырманымыз: «Осы уақытқа дейін МӘМС-тің еш пайдасын көрмей келемін. Не үшін, неге ұстап жатқанын түсінгеніммен, бәрібір ақылы емделіп жүрміз ғой», – дейді таңғалған кейіппен.

      МӘМС арқылы тегін емделе аламыз дегенді жоққа шығаруға болмайды. Алайда тегін емделу үшін, біріншіден, квота алу қажет. Ал квотаны алу үшін 2-3 айдай күтуге тура келеді. Портал арқылы медициналық мекемелерде тегін емделу де оңайға соқпайды. Мемлекеттік емханаларда емделу үшін де бір ай алдын ала кезекке жазылып, талон алу керек. Бірақ ешкім дәрігерге көріну үшін талон алуым керек деп күтіп отырмайды. Талонмен кезек күткеннің өзінде, дәрігерлердің «базаға тіркеу, базадан іздеу» секілді жұмыстары көп уақытты алады. Сол себепті амалсыздан ақылы емнің көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ақылы емнің құны да аспандап тұр. Оның үстіне дәрігердің нұсқаулығымен жазылған дәрілердің бағасы көпшіліктің қалтасын көтере бермейді.

   Талонмен кезекке жазылып, емделушілер жоқ деп те айта алмаймыз. Олардың ішінде зейнеткерлер мен бос уақыты көп, жұмыссыз жүргендер ем алуы мүмкін. Бірақ үнемі жұмыстан қолы босай бермейтіндер үшін қаншалықты тиімді? Емханаға келіп, жеткілікті емін алып, қаралу үшін  жұмыстан қайта-қайта сұранып жүруге тағы болмайды.  Осындай мәселелерге қатысты медицина саласы науқастың тиімді кезекті алуына жағдай жасауға құлықсыз. Бұл да бір «сен тимесең, мен тименнің» кері секілді.

    Медицинаның осындай тиімсіз жақтарын көріп, кейде бұл да бір бизнес пе, әлде салық түрі ме деген ойға қалатынымыз рас. Не болса да, қайырымен берсін дейміз. Әйтеуір, зейнетақы қорындағы қаржы секілді медициналық сақтандыру қорының қаржысы да ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей ме деген күдік те жоқ емес.   

Керек дерек

Кімдер МӘМС-ке жарна төлеуден толық босатылды және қанша уақытқа?

      Ірі бизнестің 10 санаты 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнестің 29 санаты 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру туралы ҚР үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес, кәсіпкерлер аталған кезеңде жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдар жасамайды және осы аралықта оларда берешек болмайды. Ал кәсіпорындардың қызметкерлерінде сақтандыру мәртебесі сақталады. Нөлдік ставкамен салықтық есеп тапсырған жағдайда кәсіп иесіне жарна төлемегені үшін өсімақы мен айыппұл да салынбайды. Ұлттық экономика министрлігінің болжамдық есептері бойынша 923 мың адам төлемнен босатылды.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38