Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?

М.СӘУЛЕБЕК

22.06.2022, 16:50

1581

Үшінші мегаполис атанған Шымкентте қала күні мерекесі атап өтілді. 2018 жылғы 19 маусымда президенттің жарлығымен Оңтүстік Қазақтан облысы Түркістан облысына айналып, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілген-ді. Ал Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Осылайша, Тәуелсіздік жылдары Шымкент Алматы мен Астанадан кейінгі миллион тұрғыны бар үшінші қала атанды. Осы атаулы датаға орай, Шымқалада жыл сайынғы қала күні мерекесі 19 маусымда тойланады.

Төрт жылда Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуында, демографиясында айтарлықтай, өзгерістер болды. 2018 жылы Шымкент тұрғындарының саны бір миллион адамға жетсе, төрт жылда ол 123 мыңға өсті. Қаланың шекарасы ұлғайды. Бұған дейін жаңадан Қаратау ауданы құрылса, жақында бесінші ауданды ашу жоспарланып отыр.

Аз ғана уақыт ішінде қаланың қазынасы айтарлықтай көбейді. Қала бюджеті республикалық статусқа дейін, яғни 2018 жылы 141,1 миллиард теңге болса, 2019 жылы – 243,1 миллиард теңге, 2020 жылы 453,9 миллиард теңгеге дейін артты. Ал өткен жылы 497 миллиард теңгеден асып, оның 45 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалса, 25 пайызы даму жобаларына бөлінді. Яғни Шымкент қаласы мегаполис болғаннан кейінгі 3 жылда бюджет көлемі 4 есеге артқан.

Биыл Шымкенттің бюджеті і 468 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 22,4 пайызы – даму бюджеті, 77,6 пайызы – ағымдағы шығындарды құрайды.

Қала күні мерекесі қарсаңында Шымкентте көптеген мәдени, меркелік іс-шаралардан бөлек, бірқатар өндіріс орындары ашылды. Мәселен, «Тассай» индустриялық аймағында қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндірісі іске қосылды.

Жаңа кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін атап өтті.

–  «Тассай» индустриялық аймағында 45 миллиард теңгені құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін береді деген сенімдемін, – деді Ш.Мұқан.

3,4 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.  Кәсіпкерге аталған индустриялық аймақтан 1,25 гектар жер телімі ұзақ мерзімге жалға берілген. Жоба, сонымен бірге  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған.

Жаңадан ашылған өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныс киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар.

Осы төрт жыл ішінде қаланың инфрақұрылымын дамыту бағытында көптеген жобалар іске асты. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, үшінші мегаполистің 5 жылдық даму жоспарына сәйкес, биыл осы бағытта 76 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның төртеуі ауыз суға қатысты. Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша, барлығы 7 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Таяуда қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары барысымен танысып қайтқан болатын. Мұнда «Риголит» мердігер мекемесі тарапынан сапалы ауыз сумен қамту мақсатындағы құрылыс былтыр басталған. Жалпы, ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.

 2022 жылы 11 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтылады. Сонымен қатар биыл Еңбекші ауданына қарасты елді мекендердің жаңа құрылыс аумақтарында су жүйесін тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Нәтижесінде, биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайыздан 99 пайызға өседі. Ал 2022– 2023 жылдары аралығында ауыз суды кестемен пайдаланатын 2 елді мекенде (Сайрам, Қайнарбұлақ) құрылыс және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жететін болады.

Мамандардың айтуынша, мегаполистің басты талабы – қала орталығы мен шет аймақтағы тұрғын алабтарындағы халықтың тұрмыс-тіршілігінде, инфрақұрылымдық жүйесінде айтарлықтай айырмашылық болмауы тиіс. Сондықтан да Шымкент қаласының аумағына енген елді мекендердегі өзекті мәселелер күн тәртібінен түспейді. Келесі жылы жоғарыда айтылғандай, елді мекендер ауыз сумен толығымен қамтылса, ал кәріз жүйелерімен қамту жұмыстары алдағы жылдары кезең-кезеңімен іске аса береді.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?
Бифат НҰРМАХАН 21.06.2022, 09:25
Елімізде туу көрсеткіші күрт азайған

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33