08.11.2020, 07:52
687
Шымкентте көшелерге атау беру бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының ұйымдастыруымен көпшілік тыңдауы өтті. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, мәслихат депутаты Ермек Дәрменов және қала тұрғындары қатысты. Кезекті отырыста қалада атауы жоқ 1 шағынаудан және 352 көшеге жаңа атау беру мәселесі талқыланды.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Эльдар Темірханұлының айтуынша, шаһарда 657 көшенің атауы жоқ. Оның 305-іне Республикалық ономастика комиссиясы оң қорытындысын берген.
Ал Абай және Қаратау аудандарындағы 352 көше мен «Арғымақ» деп аталып кеткен шағынауданға атаулар Мәдениет және спорт министрлігінің әзірлеген жер, су, тау және дәстүрлі атаулардың тізіміне сәйкес берілетін болады.
Қала тұрғындары жаңа атауларды бірауыздан қолдап, келісімін берді. Мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев бұл мәселені алдағы өтетін сессияның күн тәртібіне енгізіп, сессия отырысында бекітілетінін жеткізді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР