Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Сайт әкімшілігі

21.11.2022, 14:28

402

Блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 18 қарашадағы сот шешімімен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», — делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар 19 желтоқсанға дейін Шерниязовты да қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.

«Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», — деп толықтырды сот өкілдері.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың ақпан айында блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі тергеу жұмыстарына байланысты әр сайын ұзартылып келеді.   

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 09:00
Бүгін Екібастұз. Ертең қай қала?
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 17:36
Жығылғанға жұдырық: Екібастұздықтардың үйлері тоналып жатыр
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 16:20
Соңғы үш жылда 50 әскери қызметші суицид жасаған – Дана Нұржігіт
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 01.12.2022, 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды

Аңдатпа


  • Бүгін Екібастұз. Ертең қай қала?
    09:00
  • Хрущев салған үйлерді Досаев жаңғырта ала ма?!
    08:57
  • Қазақтың құны: тазыдан төмен, төбеттен сорлы
    08:52
  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    01.12.2022, 09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    01.12.2022, 08:59