04.12.2019, 12:57
187
Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал АХМЕТОВ мектепдиректорын жұмысынан қуатын мықты әкімдер қатарына кірді.
Жақында ғана Өскемен қаласының Сугра шағын ауданындағы №23мектепке барып, білім ошағының тыныс-тіршілігімен танысқан Даниал Ахметов, күнікеше мектеп директорын жұмыстан шығарып, облыстық білім басқармасының басшысыСайрангүл ЖҰМАДІЛОВАҒА сөгіс жариялады. Оның бұлай істеуіне ата-аналардың арызысебеп болған.
«Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білімшаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымшағимарат салу туралы шешім қабылданған еді. Мектепті аралау кезінде мағанқосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралыақпарат жеткізілді.
Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңакорпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты.
Тапсырмам бойынша тексеру жүргізілді. Өкінішкеорай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әліқолданысқа берілмеген.
Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұражалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды, алоблыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды», — деп өзінің «Facebook»парақшасына жазған ШҚО басшысы, әзірге Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАРДЫҢмаңайында болып жатқан дауға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Естеріңізде болса, осыданбірнеше күн бұрын «Ақжүніс» аналар қоғамының ШҚО бойынша жауапты жетекшісі ЖұлдызАҚТАНЖАНОВА президент Қасым-ЖомартТОҚАЕВТАН Жақсылық Омардыотставкаға жіберуді талап етіп, үндеу жариялаған.
Фото: ҚазАқпарат
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР