Мектептен «аластатылғандар»

27.03.2020, 07:27

236

Бақсы болса, бір жөн. Құшынаш болса, бірбасқа. Бақандай білім және ғылым министрлігі елде жарияланған төтенше жағдайғабайланысты мұғалімдер мен оқушыларды мектептен «аластатуға» кірісті. Әңгімеонлайн оқытудың  әрекеті жайында.

Бірақ әзірге қашықтан оқытудың қандайжолмен жүзеге асатыны нақтыланған жоқ. Ұсынылған бірнеше нұсқа бар секілді.Оның бірі – телеарна арқылы. «Балапан» арнасы арқылы қазақ тілінде білім алатыноқушыларға сабақ өтсе, «Еларна» арқылы орыс тілді мектептер оқуы мүмкін екен.Бірақ бұл жерде бірнеше нәрсе әлі пысықталмаған. Мәселен, «Балапан» арнасының директорыМақпал Жұмабайдың айтуынша, телеарна эфирі еліміздің 84 пайызына тарайды екен.Оның өзінде кабельдік телеарналар, «Отау» ғарыштық антеннасын қоса алғанда. Жарайдыделік. Қалған 16 пайыз  оқушылардыңжазығы не? Олардың Конституцияда кепілдік берілген «білім алу» құқығы негешектеледі? Ертең телеэфир сигналы жетпеген 16 пайыз аумақта тұратын аумақтың балаларыүкіметті сотқа бермесіне кім кепіл?

Ал, «Ел арнаның» сигналы қанша аумаққажететіні белгісіз. Ол туралы «Ел арна» техникалық директорының орынбасарыРоберт Мурадян ақпарат беруден бас тартты. Яғни, «Ел арнаның» онлайн сабақөткізуге қабілеті жетеді деп ешкім айта алмайды.

Осы мәселеге байланысты білім және ғылымминистрлігінің ресми өкілі Ерболат Мұхамеджановқа қойған сауалдарымыз дажауапсыз қалды. Анығырақ айтқанда, мәліметтерді ақпарат және қоғамдық келісімминистрлігінен алуымыз керек екен. Бірнеше уақыттан бері мемлекеттік комиссияқұрып, оған білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысып, телеарна арқылысабақ өткізуді бірнеше мәрте талқыласа да, Асхат Аймағамбетовтың министрлігіқажетті ақпаратты өздеріне сақтамады дегенге ешкім де сене қоймас. Ал ақпаратжәне қоғамдық келісім министрлігі қолда бар мәліметті оңды-солды таратуғасараңдау. Жан-жақтан ағылған ақпараттарға қарағанда, алыстан оқытуға білім жәнеғылым министрлігінің он екіде бір сайманы сай емес.

Екінші нұсқа – интернет арқылы білімберу екен. Мұндай жағдайда  министрлікмұғалімдер мен оқушыларды ең жоқ дегенде, тегін ноутбукпен, интернет желісімен,әр сабаққа қажетті 15 гигабайттық флешкамен қамтамасыз етуі тиіс!

 Албізде қалай? «Кімде ноутбук бар? Кімде смартфон бар?» деп жеке мүліктітүгендеуді бастап кетіпті. Бұл не сұмдық? Ауылдық жерлерде көпбалалы отбасыларкомпьютер, смартфон алмақ тұрмақ, күндерін әрең көріп отырғаны белгілі. Сонда, ондай отбасының балаларын білім алуқұқығынан қасақана шектеу ме, бұл? Бізде әдеттегідей, «ақша жоқ» дейтін шығар.
Қазба байлықтан жұрдай кіп-кішкентай Грузия біріншісыныпқа барған балаларға жыл сайын жаңа ноутбук сыйлайды. Грузия ақша тапқанда,Қазақстан неге таппайды? 2016-2019 жылдар аралығында «білім беруді дамыту»мақсатына 1 триллион 400 миллионнан астам қаржы бөлінді. Былтыр сол қаржыны«99,4 пайыз игердік», деп есеп берілді. Ол қаржы нақты қайда жұмсалды?Тексерудің қорытындыларын қайдан оқимыз? Әлде, қаржының басым бөлігі әлгібіршалдыр-шатпақ оқулық жазғыштардың қалтасында кетті ме?
Тағы бір сұрақ: министрлік не себепті осы уақытқадейін онлайн сабақ өткізудің тесттік тәжірибелерін жүргізіп, бағдарламаларынжасамаған? 30 млрд теңге жұмсалған «E Lerning» бағдарламасы қайда кетті? Оныжүзеге асыра алмаған, іске жауапсыз қараған шенеуніктер жазаға тартылды ма?Жұмсалған ақша кері қайтты ма?  
Ендігі жағдайда мұғалімдер не істейді? Әрине, олар жоғарыдантүскен пәрменге қарсы шықпайды. Өйткені, талай жылдан бері көше тазалап, ағашәктеп, азаматтық құқығы әбден аяққа тапталған, мәртебесі мен беделі бес тиынболған мұғалімде ерік қалмаған. Бүгінгі ұстаз – қадірі тасыған ұстаз емес,бұйрықты бұлжытпай орындайтын солдатқа айналған. Оларға директор мен аудандықоқу бөлімінің басшылары не айтса да заң болып қалған!

Ал енді онлайн оқытудың нәтижесіқандай болмақ? Өмір бойы көрмеген онлайнды оқушы мен мұғалім бірдей игеріп кетеала ма? Әлде, көзбояушылықпен бұл оқу жылын жаба ма?

Министр АсхатАймағамбетов оптимистшығар. Бірақ маған бұл тірліктің бәрі көлге құрал-саймансыз, жалаң қолмен балықұстауға кетіп бара жатқан адамдарды елестетеді!

Тоқтар Жақаш

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры
Бифат ЕЛТАЕВА 19.10.2021, 11:16
Жаңарған ҚазҰУ

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31