Мектептер неге қирап жатыр?

Еңлік АБАҒАН

06.08.2021, 09:54

1174

Жаркент қаласындағы Хамраев атындағы орта мектепке қатысты әлеуметтік желілерде жарияланымдар жарияланды. Алаңдаған ата-аналар қабырғасы сөгіліп, қирай бастаған мектеп суреттерін де жүктеген. Олар баласының өміріне алаңдап, алдағы оқу жылында мектепке қалай жібереміз деп уайымдап отыр.

Жазиралы Жаркентте төрт жыл бұрын ел игілігіне берілген білім ордасының қабырғаларында жарықтар пайда болған. Нысанның жалпы сметалық құжатына 1 млрд 21 мың теңге бөлініп, «Алматыкульбытстрой»  мердігерлік компаниясы жауапкершілікті өз мойындарына алған болатын. Аталған компания мектеп құрылысына үш жылдық кепіл мерзім берген.

        «Аталмыш мектеп 430 оқушыға арналған. Ұйғыр тілінде оқытады. Сметалық құны 1 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Кепілдікке үш жыл берілген ғимаратты қабылдап алғанда ешқандай олқылықтар болмады. Тек 2019 жылы қабырғасында аздап сызаттар пайда бола бастаған. Арнайы мамандар тексеріс жүргізу нәтижесінде құрылысшылар сыртқы сылағын қалың жаққаны анықталған. Биыл сыртқы сылағы түсе бастады. Алайда кепілдік мерзімі аяқталғандықтан, бюджеттен толық жөндеу жұмыстарына 15 млн теңге бөлінеді», – делінген Панфилов аудандық әкімдігінің ресми жауабында.

Екі жыл бұрын қабырғасында сызат пайда бола бастаған білім ордасының бүгінгі келбеті өзгеріссіз, биыл да нысанның керегесінде жарықтар пайда болған. Мердігер компанияның берген кепілдік мерзімі өз шегіне жеткендіктен, жергілікті әкімдік үнемделген қаржыдан 15 млн теңге бөліп, конкурс негізінде ұтып алған құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетерлігі, Алматы облысында көз алдымызда қирап жатқан бірінші мектеп емес. Бұған дейін Ескелді ауданында саңырауқұлақтың кесірінен Қаратал орта мектебі қирап, жарамсыз күйге түскен болатын. Аталмыш білім ошағы 2014 жылы қолданысқа берілген. Нысанды «Компания ПроЭксГрупп» ЖШС шамамен жарты миллионға салды. Ғимарат 100 оқушы мен 25 мектепке дейінгі балаларға есептелген.

Тегтер: білім онлайн оқу офлайн оқу қаулы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39