Мектептерде парақор директорлар әлі отыр

Еламан СЕРІК

11.06.2021, 12:07

645

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі мектеп директорларының пара алатынын ақыры мойындады. Бас педагог орта білім мекемелерінің басшылары әсіресе қол астына мұғалімдерді қабылдағанда экономикалық қылмысқа барады дейді. Бұл «шындықты бәріміз білеміз» деген министр өзі жауапты саладағы осындай былықтарды заң нормаларымен шешуге тырысқанын да айтты. Яғни жаңа мұғалімді жұмысқа аларда мектеп басшысы онымен бұрынғыдай тікелей кездеспейді. Алдымен конкурс жарияланып, үміткерге қойылатын талаптар жазылмақ. Егер маман сай келсе, комиссия оны ұстаздыққа алу-алмау туралы соңғы шешімді шығарады.

Асхат Аймағамбетов, білім және ғылым министрі:

– Әртүрлі алыпқашпа сөз бар, бірақ оны алыпқашпа сөз дейміз бе, келісеміз бе, келіспейміз бе – шындықты бәріміз білеміз. Өмірде қандай жағдайлар болып жатқанын көріп жүрміз, сондықтан ондай мәселелердің, тәуекелдердің барын мойындауымыз керек және біз оны білеміз.

Асхат Аймағамбетов ондаған жылдар бойы бір орында тапжылмай отыратын мектеп басшылары туралы да айтты. Министр қанша толқын ауысса да, шаршамастан білім ордасында өктемдік жүргізуге үйреніп қалған директорлар облыстағы әріптесінің орнына жіберілуі мүмкін деді. Ауыс-түйіс жайы қазір арнайы ортада талқыланып жатқан көрінеді. Егер ол мақұлданса, ескіден келе жатқан мамандар жылы орнын басқа мектепке ауыстыруға дайын болуы керек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?
Нұрболат ӘЛДИБЕК 11.06.2021, 08:59
Әлеуметтік желіден қорыққан Тараз қалалық білім бөлімі әділдіктен аттап кетті

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02