Мемлекеттік БАҚ журналистері құқығымыз тапталды дейді

10.10.2019, 08:28

38

Маңғыстауда қазақ және орыс тіліндегіоблыстық екі газет («Маңғыстау» және «Огни Мангистау»),сайт пен аудандық басылымдар құрамына енетін «Маңғыстау Медиа» ЖШСжурналистері мекеме директоры Айсұлу ДҮТБАЕВАҒА шағымданып жатыр. Даудың жайы 11 шілдекүні облыс әкімі Серікбай ТРҰМОВТЫҢТұпқарағанауданына жасаған сапарына қатысты мақаладан басталған.

«Аймақбасшысының ауданымызға келгені жайлы облыстық газеттен тілші келмегеннен соңаудандық газеттің тілшісі ретінде өзім мақала жазып бердім. Артық ауыз сөзқоспай, қалай болды, сол күйінше жеткізгенмін. Облыстық «Маңғыстау»газеті жариялағаннан соң, мекеме қызметкерлері орыс тіліне аударып, «ОгниМангистау» газетіне шығаратын кезде мекеме директоры редакторға басшыретінде бұйырамын деп мәтінге артық сөз қостырған. Болмаған нәрсені болды деп жаза алмаймыз деген қызметкерлерді түнгі уақытқа дейін ұстаған. «Тұпқараған ауданының әкімі Айдос ХАМИЕВ облыс басшысының алдында Ақшұқыр ауылының әкімі А.Нұғмановты мақтады» деп жазғызыпты «Огни Мангистау» газетінің 18 шілде күнгі санының үшінші бетіндегімақалада. Оны оқыған аудандық ішкі саясат басқармасы болмаған нәрсені болды депжаздыңыз деп мені кінәлады. Мән-жайдың барлығын түсіндірдім, тіпті мәселеніайтып облыс әкімінің орынбасары Қаныбек ЖҰМАШЕВКЕкірдім. Ол кісі менен«ауыл әкімі мен мекеме директорының арасында не бар?» деп сұрады.Жұрттың пендешілігінде шаруам жоқ, тек құқығымыз тапталып отырғанын жеткізгімізкеледі», — дейді Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы» газетінің редакторыМилана ЕЛЕУСІНОВА.

Өз кезегінде өңірдің медиахолдингінежетекшілік етіп отырған Айсұлу ҚАБЫШҚЫЗЫбұл әрекеттердің бәрі мені орынымнан кетіру үшін жасалып жатыр дейді.

«Артықжолды мен талап етіп қосқан емеспін. Кейінгі кезде ақпарат құралдары беттеріндеАқшұқыр ауылы жайлы жайсыз мақалалар шығып, бұрынғы әкімі«көкелерінің» арқасында қаржы жымқырған деген дәлелсіз сөздерді басуүшін журналистерге ауылдың жағдайы расымен де жақсарып отырғанын өз атынантүрте кетуді ұсындым. Ал, ауылдың қазіргі әкімі А.Нұғманов жайлы сөз қозғағанемеспін. Мұның бәрін әкімдікте отырған кейбір шенділер журналистерді мағанқарсы қою арқылы ұйымдастырып отырғанын білемін. Бұрынғы Маңғыстау облысыәкімінің орынбасары, қазір кезде президенттің кеңесшісі болып отырған Мақсат СҚАҚОВшілде айында Ақтауғакеліп, көпбалалы аналармен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдаған. Кездесу жайлыжазған мақаламызды Қаныбек Жұмашев ішкі саясат басқармасы арқылы бұйырып,басылымға шығармай тастаған. Бұл даудың басы сол кезден басталған», — дейді.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған кейбіржурналистердің айтуынша, осы жағдайдан кейін Айсұлу Дүтбаева мекемеқызметкерлерін жинап, «облысәкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мені қызметімнен алып тастағалы жатыр, солсебепті мені орынымда қалсын деп арыз жазып, қол қойып, облыс әкімдігінежолдаңыздар»деген көрінеді.

«Бассыздықтыңбасы бұл емес. Мекеме қаржылық жағдайдан тарығып жүрген шақта қосымша штаташып, шығармашылық жөніндегі орынбасары мен баспасөзге қатысы жоқ адамдыкеңесші етіп алды. Президент сайлауы кезінде «Тоқаевтың сенімдіөкілі» деген куәлігі барын өзі айтып жүрді. Сіз ойлаңыз, баспасөзгеқатысты мекеменің басшысы саясатта, тап сайлау кезінде біреуді дәріптепжүруге қандай құқығыбар. Оның үстіне журналистерге төленетін қаламақыны мүлде жойып тастады.«Маңғыстау» газетінің редакторы Ғалым ӘРІПпен «ОгниМангистау» газетінің редакторы Марина КАЛАГАНОВАбастаған редакторларалқасы осы жайттардың бәрін жазып, Айсұлу Дүтбаеваға талап қойды. Бірақ әліөзгеріс жоқ», — дейді мекеме қызметкері.

Мекеменің қаржылық жағдайына үңілумүмкін болмады, дегенмен де мекеменің бұрынғы директоры Сағындық РЗАХМЕТОВТЫҢ айтуынша серіктестік2013 жылы құрылғаннан бері облыстық әкімшілік 300 млн.теңгеге жуық ақшаныөтемеген.

«Кейінгібасшы келгенде ол қаржы өтелді ме, жоқ па, ол жағын білмеймін. Мекеменің акциясытолықтай әкімшілік иелігінде», — дейді азамат.

Облыс әкімдігі арнайы комиссия құрып,серіктестіктің ішкі жағдайын толықтай тексеруге көшкен екен. Қорытынды 23қазанда шығады деп отыр. «Азаттық»тілшісі Сания ТОЙКЕННІҢ пікірінше,әр облыста толып жатқан мұндай медиахолдингтерді таратып жіберген жөн.

«Әраймақта облыстың тыныс-тіршілігін жариялаймыз деген желеумен бұл секілдімекемелер 2000 жылдары Атырау облысынан бастап ашыла бастады. Бірақ олардыңкөбі тек қана облыстағы әкімдердің мүддесі үшін жұмыс жасайды. Оны білген халыққабат-қабат газеттерді оқи қоймайды. Ақпараттары сапасыз болған соң, жарнамажағынан да қатырмайды. Меніңше, осындай серіктестіктер әкімнің ұнаған адамынбасшы етіп тағайындап, ортадан ақша жасаудың амалы. Оның пайдасын журналистеркөрмейтіні анық. Қазір әлеуметтік желінің заманы. Барлық ақпаратты, жарнамажасасаңыз да оңай атқара аласыз. Осыны білсе де былтыр ғана «МаңғыстауМедиа» ЖШС орыс тіліндегі сайтын жауып тастады. Ақыры әкімдер үшін жұмысатқаратын медиахолдингтер болса, әкімге баспасөз хатшысы мен шұбырғанкеңесшінің не қажеті бар?», — деді журналист.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36