Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Сайт әкімшілігі

10.08.2022, 16:50

810

 Қазақстанда 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялады.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурсболашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Биылғы білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтеме арқылы жүктеуге болады. 

Тегтер: білім ғылым демалыс балалар оқу ұстаз министр

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41