Мемлекеттік қызметке жалған сертификатпен кірмек болған ақтөбелік ұсталды

16.07.2019, 21:57

39

Ақтөбедегі Мәртөкауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы тестілеуден өтпеген тұлғаныәңгімелесу сатысына жіберген. 

Бұл заң бұзушылықоблыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің жұмыстексерісі барысында анықталған.

Департаменттіңбаспасөз-хатшысының айтуынша, Мәртөк ауданы әкімі аппаратымен Аққұдық ауылдықокругінің әкімі аппаратының бас маманы бос лауазымына жалпы конкурсжарияланған. Аталған конкурсқа бір ғана үміткер құжаттарын тапсырған.

Анықталғандай,аталған үміткер конкурсқа қатысуға негізгі құжаттардың бірі болып табылатын заңнаманыбілуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткендігі туралысертификатын қолдан жасатып тапсырған. Бұған қарамастан конкурстық комиссияаталған үміткерді әңгімелесу сатысына жіберу және жарияланған бос лауазымғатағайындау туралы мемлекеттік органның басшысына ұсыныс берген дейдіМемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз хатшысы.

Қазіргі таңда бұліс бойынша құқық қорғау органдарымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар,конкурстық ережені бұзғандары үшін түрлі басшылық лауазымдарды атқаратын Мәртөкауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 6 мүшесі әкімшілікжауапкершілікке тартылды.  Енді олардыңәрқайсысы заң бұзғандары үшін 113 628 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. 

Фото: factum.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36