Мемлекеттік қызметкерлерге кез-келген құнды сыйлықтар беруге тыйым салынады

Сайт әкімшілігі

23.09.2020, 10:34

276

Мәжіліс депутаттары Сенаттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға енгізген түзетулерімен келісті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сенат Мәжіліске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қайтарған болатын.

17 қыркүйекте өткен жалпы отырыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, түзетулер мемлекеттік қызметкерлердің құны 10 АЕК-тен жоғары сыйлық алуға тыйым салады.

Сенатор Андрей Лукин:

— Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына түзетулер енгізу қажет болды. Сонымен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмысты арандату) өзгерту ұсынылды, оған сәйкес қылмысты арандату деп жедел іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеттері және айыптау және қудалау мақсатында қылмыс жасауға көндіру әрекеттері түсініледі, — деп нақтылады.

Заң шығару процедурасына сәйкес Мәжіліс депутаттары Сенат ұсыныстарымен келісуі керек. Егер Мәжіліс түзетулерді қолдаса, онда заң жалпы парламентте қабылданады. Сонымен, осы заң жобасының түзетулерімен Мәжіліс депутаттары келісіп отыр.

Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов:

— ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы Парламент Мәжілісінде 2020 жылғы 3 маусымда мақұлданды. Сенат енгізген өзгерістерден тұжырымдама өзгеріске ұшырамайды, ал Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұн сапасын да түсірмейді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен түзетулерді алып тастау осы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап ететін норманың тек 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке заңмен күшіне енуіне байланысты. Бас комитетінің отырысында алынған өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған байланысты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген түзетулермен келісуді ұсынады, — деді.

Заң жобасының басты мақсаты – жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қосымша шаралар енгізу, атап айтқанда:

  • мемлекеттік қызметкерлерге кез-келген құнды сыйлықтар беруге тыйым салу белгіленді;
  • тәуелсіз құрылымдық бөлімшенің басшысынан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы сатып алуға қатысатын тұлғалардан төмен емес лауазымға ие лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық субъектілері санатына жатқызу ұсынылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе қызметтерді алуына тыйым салынады.
Тегтер: коррупция жемқорлық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31