Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің пайдасы қандай?

Қарлығаш САЙЛАУ

04.05.2022, 09:20

1731

Қазақстан бес жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) дамытып келеді. Осы аралық ішінде мемлекет пен бизнестік серіктестіктің арқасында, біршама жобалар жүзеге асты. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру», «Халықтың әл-ауқатын көтеру», «Қуатты өңір»,  «Жол картасы», «Жұмыспен қамту» дейсіз бе, толып жатқан жобаларда мемлекеттің үлесінен бөлек, жекеменшік серіктестіктердің де рөлі бар. Сондықтан бұл қадам кәсіпкерлер үшін де, мемлекет үшін де өзектілігін жоймайды. Дегенмен, осы МЖӘ жобалары нақты кім үшін пайдалы? Бұл жобаларға қалай қатысуға болады? Бүгін біз осы сауалдарға жауап іздеуді жөн көрдік.  

Негізінде, мемлекет пен жекеменшік серіктестің арасын жақындату үшін, алдымен, ынтымақтастық керек. Мемлекет пен жеке кәсіпкердің бірлесуімен жүзеге асатын жобалар болғандықтан, бұл арада әріптестік, өзара ынтымақтастықтың маңызы зор. Әдетте, МЖӘ жобалары әлеуметтік салаларға бағытталады. Мысалы, білім беру немесе медициналық мекемелердің құрылысы, жол-көлік коммуникацияларын жүзеге асыру осындай қоғамдық маңызы бар жобалар мемлекет пен жекеменшік серіктестіктің бірігуімен жүзеге асады. Осылайша, әлеуметтік мүдде де, мемлекет пен инвестордың тікелей мүддесі де қанағаттандырылады. Жалпы алғанда,  жоба барлық қатысушы тараптарға тиімді болатындай құрылымдалу керек. Әрине, жобаға мемлекет пен инвестордан басқа үшінші тұлғалар да қатыса алады. Мысалы, инвестор қарыз қаражатын пайдаланатын болса, үшінші тарап ретінде қаржылық ұйымдар немесе сала операторлары әрекет ете алады.

2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 717 шарт жасалған. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Олай дейтін себебіміз, 2000-2016 жылдары МЖӘ бойынша тек үш жоба ғана жасалған. Қазірде қолданыстағы заңға түзетулер мен өзгертулер енгізіліп, бұл сала дами бастады. МЖӘ-нің экономикаға кірігуі арта бастады. Тағы бір айта кетерлігі, елімізде осы саланы дамыту мақсатында – «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ құрылды. Осы орталық 2020 жылдан бері жалпы құны  1,6 трлн теңгені құрайтын жеті жүзден астам шарттың рәсімделуіне ұйытқы болды.  Экономист Жұмаділда Баяхметовтың айтуынша, мемлекет пен бизнестің әріптестігі экономиканың қарқын алуына үлкен ықпал етеді. «Дамыған елдерде мұндай қадамдар әлдеқашан жүзеге асқан. Осындай жобалар арқылы олар – экономикасын өрге сүйреп, әрбір саланы дамытып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің артуына мүмкіндік береді. Қазір біз «Жаңа Қазақстанға» бағыт алған тұста мұндай шаралар өте қажет. Сондықтан мұны қолдау керек, – дейді экономист.  

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, МЖӘ мемлекет те жекеменшік кәсіп иесі де ұтылмайды. Оның екі жаққа да пайдасы жетерлік. Тек бұл арада жобаға салынар қаражат нақты бақылауда болғаны абзал. Мемлекеттік жекеменшік-әріптестіктің міндеттерінде көрсетілгендей, осы жобалар арқылы елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің өзара тиімді іс-қимылы үшін жағдайлар жасау, инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптестік пен жекеше әріптестіктің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту, халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру, Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде, жоғары технология мен ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу өзекті бола бермек. Сондықтан да бұл жобаның сауатты жүзеге асуы маңызды...

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01