"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"

Бифат ЕЛТАЕВА

18.10.2021, 09:02

571

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бұрын-соңды болмаған ерекше байқауға қатысушыларды марапаттау салтанаты өтті. Ерекше дейтініміз: бұрынғы көз үйренген байқауларға қарағанда, бұл жоба қыздардың инабаттылығынан бөлек, көп қызда кездесе бермейтін ерекше шеберлік өнерін аша білді деп ауыз толтырып айтуға болады. Байқаудың атауы да бүгінге дейін еш жобада аталмаған. Қазақ қыздарының ерекше талантын, бойына қазақ халқының әдет-ғұрпын қаншалықты сіңіргенін көрсету мақсатына «АЛАШ АРУЫ» сайысын Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының ұжымы ұйымдастырып, демеушілік жасады.

Байқауға өнері жағынан да, қолөнерлік шеберлігі жағынан да бірінен бірі асып түсетін 8 бойжеткен қатысты. Байқау барысында қатысушылар сымбаттылығын, сыпайылығын, жан-жақтылығын көрсете білді. Жарыс қорытындысында садақ ату, кесте тігу шеберлігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география факультетінің «Жерге орналастыру» мамандығының 4-курс студенті Балбала Дүйсенәлі І орынды жеңіп алды. Ал Абай атындағы қазақ ұлттық университеті «Сән дизайны» мамандығының 3-курс білімгері Арайлым Сүлеймен ақылдылығынан бөлек, киім тігудегі ісмерлігімен әділқазы алқасын тәнті етіп, екінші орыннан көрінді. Көркімен, ақындық өнерімен көпшілікті тәнті еткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Нұрай Айтбаева 3-орынды жеңіп алды. Ал қалған бақ сынасқан бойжеткендер: Ұлпан Ерлікжанқызы, Інжу Маратқызы, Альбина Болат, Аида Болат, Лаура Артықбаева «Өнерлі ару», «Жігерлі ару», «Талапты ару», «Қылықты ару», «Көрермен көзайымы» сынды аталымдарға ие болды.

— Бұл жобаның басты мақсаты – қазақ қызының өзіне тән жағымды образдарын көрсетуге тырысу. Яғни әртүрлі салаға, әртүрлі жанрға, түрлі кәсіпте білімдерін жинақтап, өткеннің өнегесі мен бүгінгі заманның мүмкіндіктерін пайдаланып, өзін жан-жақты дамытқысы келген қазақ аруларын ынталандыру, шабыттандыру. Сондай-ақ біз ешбір қатысушыға «Алаш аруы» деген атты бермейміз. Өйткені ондай атты шағын бағдарламалардың жеңімпаздарына беруге болмайды. Бірақ «Алаш аруы» болуға бағыт береміз. Бұл бағдарлама – соның баспалдағы. Қатысушыларға Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабын оқып келу міндеттелді. Сұрақтар да сол кітаптың төңірегінде болды. Одан бөлек, қазақ тарихындағы әйгілі аналардың ерліктері мен естеліктерін білу де маңызды. Сол арқылы қыздар өздерінің білімдерін жан-жақты дамытып, жетілдірген қатысушылардың пікірлерінен білдік, – дейді Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының қызметкері, журналист Жарқын Сәленұлы.

Ал сарапшылар байқауға қатысқан бойжеткендерді таңдау оңай болмағанын айтады. «Алаш аруы» байқауы жан-жақты ойластырылған байқау болды. Бұл – қазақ қыздарының жан-жақты жетілген заманауи келбетін қалыптастыруға бағытталған жаңа жоба. «Алаш аруы» деген сөзге келетін болсақ, АЛАШ – үлкен ұғым. Сондықтан жоба ұлттық деңгейдегі  қыздардың алғашқы қадамдары осы жерден басталса деген оймен ұйымдастырылды. Бұл жобаны ұйымдастыруға Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры атсалысып, үлкен мәселені көтеруі – ұлтым деген әр адамның жүрегіне жылу ұялатады. Іріктеуге келетін болсақ, қатысқан қыздардың барлығы да өнерлі. Қатысушылардың жан-жақты болуынан іріктеу сынында біраз қиналдық. Саралай келе, қойған мақсатымызға бойжеткендердің қаншалықты сәйкес келетінін анықтап, өздеріне лайықты деген марапаттарын бердік, – дейді сарапшы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры Береке Жұмақаева.

«Алаш аруы» байқауының қорытындысы бойынша І орынға 100 мың, ІІ орынға 70 мың, ІІІ орынға 50 мың теңге, ал қалған аталым бойынша 20 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.  

Тегтер: шара жоспар әкімдім мәслихат үкімет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:13
Қазақтардың түсіне де кірмейтін заң
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:35
Тоқаев: Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz капитал нарығы динамикасын арттыруда
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 11:07
«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – заңгер
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 09:12
Коронавирус жұқтырғандардың саны 900 мыңнан асты

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14