Мен тосылған үш сұрақ

Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ

10.12.2021, 18:21

2178

Бұл күні арсыз, парақор ақжағалылардың арандарының арқасында елдің дамуы тежеліп қалды. Мұғалімге деген қарашаның көңілі ала-құла.Өйткені әкімқараны сайлайтын да, партияны таңдайтын да мұғалімдер.Мемлекет саясатын жүргізіп отырған мекемеде қызмет еткен соң, солай болады да.

       Былтырғы оқу жылының соңында11-сыныптың бітірушілері қорытынды аттестаттауда ана тілінен эссе жазу керек болды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан келген конвертті ашып, тақырыптарды ұсындық. Көбінің таңдауы еркін тақырыпқа түсті. Біразы «Тәуелсіздік – тұғырымды» таңдаса, біразы «Сенің болашақ мамандығың?» мен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақты» таңдады. Эссені бастамас бұрын, ойларын нақтылап алғысы келді ме, бірінен соң бірі сұрақ қойды. Бөлекше ойлайтын қабілетке ие, демократтық көзқарастары қалыптасқан оқушылар да жоқ емес еді. «Тәуелсіздік – тұғырымды» таңдағандардың бірі:

     –Ағай, тәуелсіздік туралы не жазсам болады? – деді. Баланың мемлекетке деген махаббатын өшірмеу үшін оппозициялық ұстанымымызды білдіре бермейтін әдетіміз бойынша:

      –Енді, отыз жылда қандай жетістікке жеттік? Соны жаз, – деп едім, «Мысалы?» – деді. Қапелімде аузыма сөз түспей:

      –Астананы салдық, Түркістанды түлеттік, – деп бастай беріп ем, «Жоқ, ағай, мен олай жазбаймын, жаттанды дүние ғой. Отыз жылда дамымай қалған ауылымды жазсам бола ма?» – деді. Басымды изедім.

       «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақты» таңдаған бір оқушым:

     –Жемқор әкім, министрлер бар еді ғой, есімдері есіме түспей тұрғаны, қанша ақшаны шетелге алып кетіп еді? Нақты дәлелмен жазайын деп едім, – деді.

        Қаладағы өз мектебі бұзылып, бізге ауысып келген бір оқушым да жарыса сұрады:

      –Біздің мектептің құрылысы бітпей тұрғаны да осы жемқорлықтан ғой, иә, ағай? Оның ақшасын мұғалімдер жеп қойған ба, сонда? – дегенде, «Сенің болашақ мамандығың?» тақырыбын таңдаған бір оқушым орнынан ұшып тұрып:

       –Мен мұғалім болсам деген едім, енді қай мамандықты таңдасам екен, ә? – деп тұр.

       Ішімде құйын-дауыл, ситуациядан шығуда кәсіби шеберлігім жеткенімен, ешбіріне ашық жауап бере алмадым. «Еркін тақырып, еркін ойларыңды жазыңдар, болды», – дедім де, үнсіз қалдым. Қара терге түскендеймін. Қатты ұялдым. Көкірегіңде сайрап жатқан ойыңды өмір есігін аттағалы отырған жас түлекке қалай айтарсың?! Бітпейтін тендер таласын, сот табалдырығын тоздырып жүрген ұятсыз мердігер компанияларын, шермиген қарынды шірік ауыз шенеунікті, жеңұшынан жалғасқан жемқорлықты қалай айтасың? Не деген тойымсыз, сорлы  халық едік деп күйінесің осындайда.

      Эссені сұрақ қойып бастаған үш оқушыма да «бес» деген баға қойдым. Парақор ағаларын сөзбен іреп-сойыпты. Балаң тілмен мұң-наласын қанықтыра жеткізіпті. Азат ойлы азаматтар өсіп келе жатқанына риза болдым.

     Қысқасы, «Ұлы даланың жеті қыры»,«Елдіктің жеті тұғыры»сынды мақалалар шыққан сайын, «жемқорлық» деген аждаһаның да басы жетеуге жетті. Жұтылып кетпеудің қамын қарастырған жөн. Өйтпейінше мемлекеттік қызметкерлердің жүзі жарық болмасы анық.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 09:25
«Қара пимадан» «ақ макасиге» дейін
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48