Мешіт жамағатының мазасын алатындардың мақсаты не?

13.06.2018, 07:27

6

Жақында ғана әлеуметтік желілерде еліміздегі мешіттердің бірінде жамағат арасында намаз оқуға байланысты дау туындағаны туралы бейнеролик кеңінен талқыланды. Имам намаз уақыты кезінде өзіне бағынбай, өз тәртібімен намаз оқығысы келгендерді тәртіпке шақырды. Дау ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің «әмин» сөзі туралы шығарған үкімдері мен шешімдерінің дұрыс орындалмауынан келіп туындады.Шынында, бүгінде қоғамда жат ағым өкілдерінің белсенділігі, олардың құлшылық орындарда бүлік тудыру фактілерінің көбеюі байқалады. Әсіресе Қазақ елі үшін 10 ғасырдан астам уақыт бойы дәстүрлі жол болып қалыптасқан ханафи мәзһабын мойындамайтын, көпшілік мұсылмандармен бірге болғысы  келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, елдің ауызбіршілігіне нұқсан келтіретін салафилік-уахабилік ағымының идеологиясы еліміздің тыныштығына қауіп төндіруде.Осыған байланысты дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев ҚМДБ бекіткен «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесін» жетілдіруді ұсынды. Оның айтуынша, ережеге қатысты министрлікке қазіргі уақытта көптеген азаматтардан шағымдар мен өтініштер келіп түсуде. Ереженің қолданыстағы заңнамаға қарсы келмеуі және адамның құқықтарын шектемеу қажеттігі айтылды.Жалпы алғанда, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі 2016 жылы бекітілгені белгілі. Әрине, бұл ережені қабылдау жайдан-жай туған жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, мешітке келушілердің арасында жамағатпен намаз оқу кезінде және жұма намазы барысында имамның айтқанын тыңдамайтындар шыға бастады. Олардың осы әрекеті мешіт жамағатының мазасын алып, құлшылықтарын тыныш орындауларына кедергі бола бастады. Осындай жағдайда, ҚМДБ мешіт ішіндегі тыныштықты сақтау және діндарлардың құқын қорғау мақсатында мешіттердің ішкі тәртіп ережесін қабылдауларына тура келген болатын.Нақтырақ айтсақ, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі жоғарыда көрсетілген негіздерді басшылыққа ала отырып, өздеріне қарасты мешіттерінің ішкі тәртіп ережесін бекіткен. Осы ережеге сәйкес, мешітке келушілер ханафи мәзхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға және мешітке келушілер мешіт қызметкерлерін құрметтеуге, басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ жамағат тыныштығын сақтауға, алауыздық тудырмауы міндеттелетіні айтылған.– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан БАҚ беттерінде сөйлейтін 44 имамнан тұратын арнайы пул қалыптасқан. БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде имамдар пулында бекітілген діни қызметшілер ҚМДБ-мен келісе отырып пікір білдірулері қажет деп санаймыз. Бекітілген тәртіп бойынша уағыз айтудың шеңберінен аспауларыңыз орынды болады деп санаймыз. Қоғамда дінге қатысты біржақты және өте сезімтал тақырыптарға пікір білдіру кері іс-әрекет туғызуы мүмкін. Біз діннің оң әлеуетін халқымызды біріктіруге, елімізді ілгері дамытуға жұмылдыруымыз керек, – деді бұл жөнінде министр Дархан Қалетаев.Шынында, ислам діні ел ішінде бейбіт өмірдің сақталуына, халықтың ауызбіршілігінің беріктігіне үлкен мән береді. Сондықтан әлем ғұламалары қай елде қай мәзһаб басымдылыққа ие болса, сол елдің мұсылмандарына сол мәзһабты ұстану міндет болатыны туралы бірауыздан пәтуаласқан. Сондықтан әрбір мешітке келуші елімізде ханафи мәзһабы дәстүрлі ислам жолы екенін ескеріп, оның қағидаларын берік сақтауға тиіс.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27