Мешіттер, дәмханалар, балабақшалар ашыла бастады: жұрт нені білуі керек?

18.05.2020, 15:15

7

18 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар нысандар ашыла бастады.

Мешіттер кешкі сегізге дейін ғана ашық

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі бүкіл  мешіт ашылмайтынын ескертті.

Мешітте санитарлықталаптарды қатаң сақтаумен жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруғарұқсат етіледі.

Қазақстан мұсылмандары мына талаптардыорындауы тиіс:

·   мешітке маска және қолғап киіп келу;

·  антисептик қолдану;

·    жеке құлшылық кезінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау;

·    Құран оқитын бөлмеге 1,5 метр арақашықтықты сақтай отырып, он адамнан артық кірмеу;

·    неке қидыратын бөлмеге төрт адамнанартық кірмеу.

Сонымен қатар, мешіт ішінде он бесминуттан артық қалуға болмайды.

Індеттің таралуына жол бермес үшінәзірге жамағатпен оқылатын бес уақыт жұма намазы мен тарауық намазына шектеуқойылып отыр.

Бұл туралы ҚазақстанДіни  басқармасы «Биылғы Рамазанныңқасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр.19 мамырда мешіт таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейтінболады. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізу қажеттігінқаперлеріңізге саламыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өзотбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшінқабылданған шешім. Осы Үндеуге түсіністік танытып, карантин талаптарынсақтайсыздар деген сенімдеміз,-деп мәлімдеме жасады.

Балабақшалардың жұмысістеу форматы қандай?

Бір апта бойы коронавирус жұқтыру өсімі7%-тен аспаса, өңірлерде балабақшаларды ашуға рұқсат етіледі. Өткірреспираторлық вирустық инфекциясы бар бүлдіршіндер балабақшаға кіргізілмейді.

Балабақшалар, бірінші кезекте, жұмысістейтін, баламен үйде отыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін ашылып отыр.

Әрбір балабақшада бала саны 15-тенаспайтын кезекші топтар ашылады.

Бұғанқатысты Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин әр балабақшада 50 пайыз ғана бала топталған жағдайдатоптарды ашуға рұқсат берілетіндігін жеткізді.  

«Сонда ғана балабақшада ауру таралумүмкіндігі төмендейді. Балабақшаларға дезинфекциялық санитарлық талаптардыкүшейтіп жатырмыз. Әр балабақша 15 минут-1 сағат ішінде желдетілуі тиіс.Ойыншықтарды, есік тұтқаларын 2 рет өңдеу талап етіледі. Балаларға жұмсақойыншықтарды беруге тыйым салынады. Балалардың жатын орындарында әр төсектіңарасы 1 метр болу керек», — деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Барлық балабақшаларға бактерицидтілампа, ауа тазалайтын рецеркулятор орнатуға кеңес берген бас санитарлық дәрігер«Тәрбиешілер мен қызметкерлерге де міндетті түрде қолғап пен маска тағу талапетіледі. Балаларды балабақшаға жүкті әйелдер мен қарт адамдарға әкелуге рұқсатберілмейді. Өйткені, жұқтыру қаупі жоғары. Әр ауданда осы талаптарды қадағалауүшін арнайы топтар құрылады. Бұл үшін әр аудандарда балабақшаларды қабылдаушыарнайы топтар құрылады. Оларға білім бөлімінің қызметкерлері, аудандықсанитарлық мекеме қызметкерлері кіреді. Олар бірлесіп барлық бақшаларды қарапшығады. Тексеру барысында заң бұзушылықтар тіркелсе олар әкімшілікжауапкершілікке тартылады. Тіпті балабақша жабылады», — деген болатын.

Мейрамханалар мен дәмханаларда қандай талап сақталуы керек

18 мамырдан қонақ үйлер, 30 орындыққоғамдық тамақтану орындары мен ашық аспан астындағы мейрамханалар мендәмханалардың қызметіне рұқсат берілді. Десе де, олар республиканың барлықөңірінде бірдей ашылмайды. Мәселен, Алматы әкімдігі эпидемиологиялық ахуалға байланыстымешіттер, қонақ үйлер мен тамақтану орындарын 25 мамырдан ашуды жөн көрді.

Кәсіпкерлер барлық қызметкер менқонақтар үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етугеміндетті. Қызметкерлер жеке қорғаныш құралдарымен: маска, қолғап, қажет болғанжағдайда, бас киім және халатпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Адамдар арасында екі метр ара қашықтықсақталуы қажет.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34