Миграциялық қақтығыс: 130 ұлт пен ұлыс қазақтың бағы ма, соры ма?

19.03.2020, 13:07

5

Ақиқатын айтар болсақ, елорда миграцияға байланыстысаясатты қайта қарауы керек. Неге? Әрине, мұның үлкенсебеп-салдары бар. Біз әлсін-әлсін «130дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі тұратын,достығы жарасқан берекелі елміз» деп ұрандатқанды жақсы көреміз. Онымен деқоймай, «бәрінің тілін тауып, ынтымақта отырмыз» деп көпіреміз. Жөн-ақ. отырғанАлаш баласымен бет жыртысты. Мәселен, қазақ-шешен, қазақ-ұйғыр, қазақ-күрд,қазақ-тәжік, қазақ-армян, қазақ-дүнген текетірестері. Соңғысы – Қордайдағықазақ-дүнген дүрбелеңі. Дүнгендердің қазақ тіліне осқырына қарауы, күштік құрылым өкілдеріне пысқырмауы, аратұра жергілікті қазақтарғаәлімжеттік жасауы, зорлық көрсетуі осыған жеткізді. Кеше ғана Қытайдан қысымкөріп, шекара асып келген дүнгендердің бұл тірлігі таза басыну, асқандық. Алмұндай жағдайда қисынсыз нәрсеге тосқауыл қою, есіргендерді тәубесіне түсіру –исі қазақтың міндеті.

Әрине,бұл жерде біз ұлттар арасына сына қағайық, араздықты қоздыртайық деп отырғанжоқпыз. Болған жайттан сабақ алу ретінде сөз қозғап жатырмыз. Жоғарыда айтқан,қазақпен жаға жыртысқан ұлттардың барлығы тағдырдың талқысына түсіп, талайынакөніп, сырттан келіп жерімізді паналағандар.

Ендіетек-жеңін жиып, өсіп-өнген соң, «тілдері» шыға бастаған демейік, алайда кеуделеріне нан пісіп, екі иығын жұлып жеп, қазаққа әкіреңдепақыл айтатындар да, жекіретіндер де баршылық. Кейде солардыңаузынан «Государство ваше, а земля наша!», «Земля ваша, власть наша» дегенді деестіп қаламыз. Бұл не, сонда? Өкініштісі, сол қазақ жерінен пана тапқандарының басым көпшілігі қазақ тіліне пысқырмай, Ресей тіліменсөйлейтіндер. Бұған кім кінәлі? Әрине, өзіміз.  Қазақтың «ит үреді, керуен көшеді», «көш жүре түзелер» дейтін салғырттығы, «түбі бір оңалар»деген бостығы һәм биліктің солқылдақ саясаты еңсемізді басты. Хош, мұны қоятұралық. Ал тәуелсіздік алғалы бері сырттан ағылып келіп жатқан шетелазаматтары қаншама. Олардың қаншасы ретін тауып Қазақстан азаматы атанып,жергілікті халықтың арасына сіңіп үлгерді. Бұл жөнінде ресми орындар да,бейресми ақпараттар да нақтысын айта алмайды. Мәселен, 2014- 15 жылдарықытайлық «Хуанцю Шибао» ресми басылымы «Қазақстанда 400 мың этникалық қытайөмір сүріп жатыр» деген ақпарат жариялапты. Одан бері қаншама уақыт өтті. Бұлцифр бірнеше есеге өскен болуы керек. Қазақтың қызына үйленіп, бала сүйіп,осында мекендеп қалған қаншама қытай азаматы бар. Бұған арзан жұмыс күшіретінде келген иә болмаса түрлі жолдамамен келіп, осында тұрақтап қалып жатқанөзге мемлекеттердің азаматтарын сондай-ақ азын-аулақ болса да,Таяу Шығыс елдерінде болған соғыс, қақтығыстан бас сауғалап келгендерді қосуғаболады. Демек, бұлардың саны недәуір болып қалды. Біршама күш. Осы жердебелгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидың мына пікірін келтіре кеткенді жөн көріпотырмыз. «Мен кезінде шетелдік бір баспасөзге берген сұхбатымда «үшіншідүниежүзілік соғыстың ұйытқысы дін, идеология, тіл болады» деп айтқан едім.Одан бері біраз уақыт өтті. Қазір төрткіл дүниеде болып жатқан дүрмектітаразылай келе, бұрынғы айтқандарымды қайтып аламын. Оның орнына «миграциялыққақтығыстар орын алады» деп айтқым келеді. Өйткені түрлі себептермен бір елдіңшекарасынан асып төгілген халық өзге жұрттың  мекеніне құйылатыныбелгілі. Сол жерде өсіпөнуге тырысады. Уақыт өте келе, «жер біздікі» дегенсияқты әңгіме де айтылып қалады. Мұның арты қанды қақтығысқа алып келері анық. Сондықтан бізге осы бастан миграцияға байланысты саясатты қайтақарау керек. Еуропаға қараңыз, кезінде Испания, Франциядан арабтарды қуған.Бірақ қазір олар сол елдерге қайта толып алды. Сол секілді Еуропадан түріктердіде қуған. Қазір кәрі құрлықта түріктердің саны ондаған миллионға жетті. Мұныңбәрі нені көрсетеді? Бұл миграциялық саясаттың солқылдақ екенінің дәл ел і. Кім біледі, кім көрінгенге азаматтық беріп, есіктен аттата берсек, бізде солардың кебін киіп жүрмесімізге?» – дейді саясаттанушы. Қазір бей берекет көшіп келіп, еш қиындықсыз Қазақстан азаматтығын алып жатқандардыңетек-жеңін жинай келе, өзгеше сөйлеп шыға келмесіне кім кепіл? Қордайдағыдүнгендер ддүрбелеңі соның анық өрінісі емес пе? Мұның бәрін негетілге тиек етіп отырмыз? Өйткені сырттан келгендердің бәрін құшақ жайып қарсыалып, төрге оздыра берсек, ертең осы ақкөңілдігіміз, аңғалдығымыз өзіміздіңбасымызға таяқ болып тиюі мүмкін. Яғни қауіп еткеннен айтып отырмыз. Демек,миграциялық саясатты қайта пысықтайтын кез жетті.

Күлтегін БЕК

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58