Михаил Ломтадзе тағы да Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылды

Сайт әкімшілігі

12.04.2022, 13:18

1183

Kaspi.kz-тің негізін қалаушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе бесінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік компания басшысы болып танылды. PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық компаниясы жүргізген СЕО Survey 2022 сауалнамасының нәтижесі осындай.

«Зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына және сауалнамаға қатысушылардың барлығына ризашылығымды білдіремін. Бұл – жатпай-тұрмай жаңа сервистерді тұрақты түрде іске қосып, өмірімізді жақсартатын бірегей инновациялармен біздің сүйікті клиенттерімізді әрдайым таңғалдыруға тырысатын бүкіл командамыздың марапаты.

Kaspi.kz сынды бірегей, кәсіби білікті әрі ынтымағы жарасқан команданың бір бөлшегі екенімді мақтан тұтамын. Бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентімізге рақмет айтамыз. Біз әрдайым үміттеріңізді ақтаймыз», — деп пікір білдірді Михаил Ломтадзе.

Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан қазақстандық ірі компаниялардағы 71 CEO қатысты. Респонденттер Kaspi.kz компаниясының жиі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделу деңгейінің жоғары екенін, жаңа, заманауи сервистерді жедел ендіретінін және тұтынушылардың тарапынан сенім білдіру деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 25 жыл бойы, ал Қазақстанда соңғы 10 жыл бойы жүргізіп келеді.

Сауалнаманың негізгі мақсаты – жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы басшылардың пікірін бағалау, бизнесті дамытудағы тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.

Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында танысуға болады.

Тегтер: банк нарық нәтиже

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27