Міндетті медициналық сақтандыру қаншалықты сізді сақтап жүр?

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

13.08.2021, 14:14

1240

Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сізді  қаншалықты  сақтап  жүр  деген  сұрақты  төтесінен  қоятын  кез  келді.  Неге?  Енді  соған келейік. Себебі ай сайын сіздің мекемеңіз медициналық сақтандыруға деп, еңбекақыңыздан жарна аударып отырады. Жарна – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша. Бұл сома мөлшері жылдан-жылға көбеймесе, азаймайды. Мысалы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап  аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы болса, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап аударымдарды есептеу объектісінің – 2 пайызы. Бұл ақша аударымы ұмытылмастан аударылады, ал бірақ бұл міндетті медициналық сақтандыруды жұрттың барлығы пайдаланып жүр ме деген сауал туындайды.      Неге десеңіз, жыры көп.

        Ең әуелі әңгіменің басын медициналық ұйымға тіркелуден бастасақ. 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 6-бабына сәйкес, тұтынушы медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Алайда еліміздің көп жерлерінде бұл заңның күші жүрмейтін сияқты, өйткені медициналық стационарлар тек тұрғылықты мекенжай бойынша тіркейміз деп, тұтынушыларды тіркеуден бас тартады. Яғни сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, мекенжайыңыз бойынша көрінуге мәжбүрсіз. Екіншіден, медициналық көмекке мұқтаж болып тіркеуде тұрған медициналық мекемеңізге барған кезде учаскелік дәрігеріңізге тіркелу үшін электронды кезекке тұрасыз, одан шығып, дәрігердің алдында «живой» кезекке тұрасыз. Қажетті анализ, узи сияқты қызметтерге жүгінетін болсаңыз, тағы да кезекке тұрасыз. Бірақ бұл кезек бұрынғылардан өзгерек. Себебі 1-2 күн емес, 1-2 ай күтесіз. Сосын барып қана кезегіңіз келіп, қажетті қызметіңізге қол жеткізесіз.

       Созылмалы кезек күту мәселесін бақылауда ұстап отырған мекемелер де жоқтың қасы. Осылай күтіп жүрген кезеңізде ауруыңыз не асқынып кетеді, не өзімен-өзі жоқ болып кетеді. Сонда міндетті медициналық сақтандыру дегеннің пайдасы қайда деген ой туындайды. Адам қатты ауырған кезде кезек күтіп тұра алмайды, одан да ақылы медициналық мекемеге барып көрінуді құп көреді. Өйткені денсаулық – баға жетпес байлық. Осындай келеңсіздіктерден кейін халық арасында ай сайын жарна аударылатын, алайда пайдасын көре алмайтын міндетті медициналық сақтандырудың қаншалықты керегі бар деген пікір туындайды. Себебі пайдаланылмаған қызмет жарнасын заң бойынша қайтарып алу көзделмеген.

       Адам жылына бір рет қана медициналық мекемелерге жүгінсе де, атаулы жарналардың есебін шығара алмайды. Расында, қолыңызға калькулятор алып, ай сайын аударылған жарна сомасын есептеп, жылына бір рет қана тапсырылған анализ бағасы мен дәрігерге көрінуді есептесеңіз, екеуі бір-бірінің есебін жаба алмайтын дүние. Дәрігерге көрініп, керекті ем алу парақшасына қажетті ем-шараларды жаздырып алумен ғана шектелетін бұл медициналық сақтандыруда сырқат адамға қажетті дәрі-дәрмек атаулының құны кірмейді. Сонда міндетті медициналық сақтандыру сізді қаншалықты сақтап жүр деген сауалдың туындайтыны анық.

                                                                                         

Тегтер: медицина сақтандыру мәселе есеп ем-шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39