25.11.2019, 10:19
175
Қазақстанда мұғалімдердідайындайтын оқу орындарының саны қысқарады. Бұл жөнінде Білім және ғылымминистрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Аймағамбетовтыңайтуынша, қазір министрлік мұғалімдер дайындайтын оқу орындарына қосымшаталаптар қоятын арнайы жоба әзірлеуде.
«Бүгіндекөп бейінді университеттің барлығы мұғалімдерді даярлайды. Алайда олардыңсапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы мұғалімдердідаярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Оларбасқа бағыттар бойынша мамандар даярлай береді, ал педагогика бойыншалицензиялары қайтарылып алынуы мүмкін. Шамамен алғанда, әр аймақта мұғалімдердідаярлайтын 1 мықты ЖОО және Алматыда бірнеше оқу орны болмақ», — депжазды министр өзінің «Facebook»парақшасында.
Бұдан бөлек, Аймағамбетов осы уақытқа дейін 13университет тексеруден өткендігін, олардың ішінде 5-інің (бұған дейінгіескертулер жойылмағандықтан) лицензиялары бір айға тоқтатылғандығын айтты. Сондай-ақ,министрдің сөзінше, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойыншаіс сотқа жіберілген. Жыл соңына дейін тағы 12 ЖОО тексеруден өткізіледі деп жоспарлануда.
Фото: zakon.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР