18.11.2020, 14:26
1097
Таразда пара алды деп айыпталған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы Тимуржан Нұрымбетовке және осы іске қатысы сот отырысы өтіп жатыр.
Тараз қаласының №2 сотының судьясы Нұрлан Дауылбаев Нұрымбетовке қатысты қаралып жатқан қылмыстық істі басқа қылмыстық іспен біріктіру туралы шешім қабылдады. Қылмыстық істе тергеу Қылмыстық Кодекстің «Алаяқтық» және «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» баптары бойынша жүргізілген болатын.
Айта кетейік, Тимуржан Нұрымбетовке қатысты іс сотқа 366-бап («Адамдар тобының бірнеше рет пара алуы») және 128-бап ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру, жылыстату") бойынша берілген еді.
Еске салайық, мұның алдында Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарғаны хабарланған болатын.
Жамбыл облысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің сотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР