Министр халықтан кешірім сұрады

13.04.2020, 10:49

243

Төтенше жағдайдахалыққа берілуі тиіс 42 500 теңгенің не үшін халыққа кешігіп беріліп жатқанытүсіндірілді. Бұл қолайсыздыққа байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Біржан Нұрымбетов алдымен халықтан кешірім сұрады.

«Сіздерден министр ретіндекешірім сұраймын. Біз үлгермедік. Оның себебі бар. Біріншіден, біз(өтінішті қарау үшін — автор) 3 күнді белгіледік. Бізге көбірек уақыт керек еді.Өзіміз де тарықтық. 42 500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынантөленеді. Қор ақшаны беріп, жәрдемақыны тағайындайды. Бұл — бөлек мекеме", — деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің  айтуынша, жәрдемақыны «Азаматтарға арналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясы береді.

«Бүкіл төлемді «Азаматтарғаарналған үкімет» корпорациясы жүргізеді. Бұл — бұрынғы зейнетақы төлеуорталығы. Ал өтінішті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіқабылдап, тексереді. Осы үш мекеме тиісті жұмысты жүргізіп жатыр. Басқашаболмайды. Оны түсініп алуларыңыз қажет», — деді Біржан Нұрымбетов.

Осы орайда министр өтініштерді тексеру біраз уақытты алатынын атап өтті.

«3 миллион 700 мың адам жәрдемақыалуға өтініш берді. Бірақ өтініштердің саны 5 миллионға жақындап қалды.Тексеріс барысында біраз азамат жеке сәйкестендіру нөмірін немесе ЖСН номерін дұрыскөрсетпей жатыр. Ол нөмірді дұрыс көрсетпесе, «ондай адам жоқ» деген сөз.Сондықтан біз мұндай қате нөмір бергендердің өтінішін кері қайтаруға мәжбүрміз.Оны тексеріп алуымыз керек. Мұндай өтінішті 60 мыңдай адам берді», — деді ол.

 Сондай-ақ,Біржан Нұрымбетов кейбір азаматтар есепшоттарды дұрыс көрсетпей жатқанын дажеткізді.

Жалпы, «Жас Алаш» бұған дейін осы мәселеге қатысты ой қозғаған болатын. 42 500 теңгеге байланысты электронды үкіметпорталының дұрыс жұмыс істемей тұрғаны, министрлік іске қосқан қосымша сайттың да жұмысы сын көтермей тұрғаны әлі айтылуда.

Қоғамда тіпті «42 500теңге аламыз» деп қарапайым халық карантинге қарамай көшеге шығып, артыұрыс-таласқа дейін апарған жайттар орын алды. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00