Министр Мұхамедиұлы құлдық санадан құтылуға шақырды

04.04.2019, 16:29

115

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫжастарды құлдықтан психологиядан бойларын аулақ салуға шақырды.

Министр өзінің «Үлкен күнә?!» атты мақаласында қарыз бенкүнә туралы кеңінен әңгіме қозғай келе «Біздерұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес,жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай ҚАРЫЗ қалдырмауғатиістіміз!» дейді.

Тіпті Арыстанбек Мұхамедиұлы өз мақаласында банктердің демәліметтерін келтіре кетіпті.

«Ұлттық банк деректеріне сәйкес, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 6 триллион теңге қарыз екен. Сонда жан басына шаққанда әр қазақстандық орта есеппен 900 мың теңгеден аса (!) берешек деген сөз. Мейлі автокөлік алуға, мейлі кәсіп ашуға болсын, әйтеуір банк қызметіне жүгініп, өсімақымен несие алмаған азаматты табу қиын бүгінде… Ең сорақысы, біз «қарызға» өмір сүруге әбден бой алдырдық- соңғы бір жылда халықтың қарыз алу қарқыны 15 пайызға артқан!»

«Борышкер демекші, былтыр шілде айында банктер мен микронесие ұйымдарына қарыз қазақстандықтардың саны 4,58 миллион еді. Яғни елдегі экономикалық белсенді, еңбекке жарамды халықтың тең жарымы банктерге қарыз деген сөз».

«БІЗДІҢ БАР ЫҚЫЛАСЫМЫЗ  ҰРПАҚТӘРБИЕСІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БОЛУЫ КЕРЕК! АРМАН-ТІЛЕГІМІЗ — ПЕРЗЕНТТЕРІМІЗ ӨЗДЕРІНТОЛЫҚАНДЫ АЗАМАТ СЕЗІНІП, ҚҰЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАН БОЙЛАРЫН АУЛАҚ САЛЫП,  ЕЛ ИГІЛІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНІ! ҚАРЫЗ АЛУДЫҢАСТАРЫНДА ҚҰЛДЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ СИПАТЫ БАР. Себебі қарыз алушы қарыз берушігетәуелді болатыны бір бөлек, адам өз талап-тілегінің құлы деген сөз. Яғни бір сәттіктілектің жетегімен ұзақ уақытқа, кейде тіпті өмірлік борышкерлік қамытынмойнына кигенін сезбей қалады. Мұндай адам өз арман-мақсаттары үшін емес,мойнындағы қарызын өтеу үшін жанталасып жұмыс істейді».

«Ендеше пендешілік осалдықтан, несиеден, тұтынушылық құлдықтан құтылайық!»

Әрине, министр бұл жердежеке адамдардың қарызын айтып отыр. Бірақ, еліміз онсыз да шетелден ақша алып,қарызға белшесінен батып жатқан кезде Арыстанбек Мұхамедиұлының осы тақырыптакеңінен әңгіме қозғауы үлкен ойға қалдырғаны рас. Шынымен-ақ, министр айтқандайбіздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, мойындарына ешқандай ҚАРЫЗқалдырмауға тиістіміз ғой.

Фото: sportx.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55