Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты

Сайт әкімшілігі

30.09.2020, 10:26

606

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі темекі өнімдерін тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптардың жобасын әзірлеп, оны қоғамдық талқылауға жариялады. Атап айтсақ, қыздырылатын темекі өнімдері, темекіні қыздыру жүйелері, электронды тұтыну жүйелері (вейп) және оларға арналған сұйықтықтар.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынылған талаптарына сәйкес темекі шегуге арналған орындар міндетті түрде есікпен немесе басқа ұқсас қондырғымен жабдықталған бөлек бөлмелерде орналасуы керек, бұл түтінмен ластанған ауаның іргелес бөлмелерге кіруіне жол бермейді.

Сондай-ақ, темекі шегетін орындарды кабиналар түрінде ұйымдастыруға болады. Орындар мен кабиналардың сыртында олардың темекі шегуге арналғандығын және ішімдіктер мен тағамдарды ішуге тыйым салынғанын білдіретін жазулар немесе белгілер болуы керек.

Темекі өнімдерін тұтыну орындарының өздері жабдықталуы тиіс:

— жабық бөлмеде – жалпы шығатын желдету жүйесінен бөлек, ластанған ауаның іргелес бөлмелерге енуіне жол бермей, темекі түтінінің оқшау болуын қамтамасыз ететін механикалық вентиляциясы бар ағынды-сорғылы желдету жүйесі;

— темекі тұқылын жинауға арналған күл салғыштар және (немесе) арнайы урналар. Темекі қалдықтары мен сіріңкелерді сөндіру үшін урналарды құммен және басқа жанбайтын сіңіргіш материалдармен толтыруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, жобаның талаптары темекі шегуге болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күнделікті дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу қажет екенін және қоқыс жәшіктері мен күлді үнемі таза ұстау керектігін көрсетеді.

Жоба талаптары бойынша, темекі өнімдерін тұтынуға арналған орындар санитарлық-гигиеналық бөлмелерден оқшауланған болуы керек. Темекі өнімдерін тұтынудың қауіптілігі туралы, сусындар мен тағамдарды пайдалануға тыйым салу туралы жазулар және (немесе) пиктограммалар түріндегі ақпарат көрнекті орындарда орналастырылуы керек.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 110-бабының 5-тармағына сәйкес темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдерін, кальян темекісін, кальян қоспасын, темекіні қыздыру жүйелерін, электронды тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды мына орындарда пайдалануға тыйым салынады:

— білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;

— денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында;

— қоғамдық тамақтану орындарында;

— мәдени нысандарда, мұражайларда, кітапханаларда және дәріс залдарында, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көрме залдарында, спорт ұйымдары мен сауықтыру ұйымдарында, спорт алаңдарында және көпшілік демалуға арналған басқа да нысандарда;

— түнгі клубтарда, дискотекаларда;

— жергілікті және қалааралық байланыс пойыздарында, әуе, теңіз және өзен транспорттарында, сондай-ақ қалалық, қала маңындағы және қалааралық автомобильдер салондарында, жолаушылар мен багажды, таксилермен тұрақты және ретсіз автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын метрополитенде, қоғамдық көліктерде;

— әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су бекеттерінің ғимараттарында, қоғамдық көліктің жабық аялдамаларында;

— мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

— жұмыс орны және жұмыс аймағы болып табылатын бөлмелерде;

— үйлердің кіреберістерінде;

— жанармай құю бекеттерінің аумағында;

— ойын алаңдарында;

— жерасты өткелдерінде;

— кәмелетке толмағандар болған кезде автокөлікте.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 110-бабының 6-тармағында қоғамдық тамақтану орындарында, аэропорт ғимараттарында, теміржол, автомобиль және су бекеттерінде, жабық қоғамдық көлік аялдамаларында темекі өнімдерін тұтынуға, егер бұл үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, рұқсат етіледі деп көрсетілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:03
Коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сайт әкімшілігі 09:52
Коронавирустың екінші толқыны: Бекшин алматылықтарға нені ескертті?
Сайт әкімшілігі 20.10.2020, 14:28
Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 20.10.2020, 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.10.2020, 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38