Министр жазушының мақаласын баяндамаға айналдыра салады

11.07.2019, 19:35

48

Башқұрт жазушысыМұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияғаМәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА қатысып, жазушы шығармашылығыжайлы баяндама жасады. Баяндамасында министр өз сөзінен гөрі өзгенің сөзінкөбірек айтыпты. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы жазды деп хабарлайды Жас АЛАШ.

Желі қолданушысыАқбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ Facebook парақшасында:

«Алматыдағы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналғанғылыми-тәжірибелік конференцияда министр Ақтоты Райымқұлованың баяндамасынабіраз жұрт іштей езу тартты. Оқып отырған баяндамасы – 2017 жылдың 3қарашасында «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған жазушы Роллан Сейсенбаевтың«Түн ортасында туған толғаныс» атты мақаласы.… Осы мақаланы қаз-қалпында оқыпшықты», — деп жазды.

«Жас АЛАШ» тілшісіосы жазбадан кейін министрдің баяндамасы (аудио нұсқа) мен аталған мақаланысалыстырып көрді.

Министр баяндамасыноқымас бұрын аз ғана кіріспе сөз сөйлейді. Одан ары «Түркі дүниесінің тарланы»атты баяндама. Баяндама:

«Түркі дүниесініңтарландары дегенде есімізге төрт алып есімі орала береді. «Балқар Қайсын Қулиев, башқұрт Мұстай Кәрім, қалмақ Давид Кугультинов,авар Расұл Ғамзатов. Олар ХХ ғасырдың ұлы ақындары болатын», — депбасталады. Ерекше белгілеп көрсетіп отырған жолдар дәл сол қалпында РолланСЕЙСЕНБАЕВТЫҢ мақаласында айтылады. Дегенмен, одан әрі өзге сөйлемдер. Бірақ,баяндама түгелдей осы мақала негізінде дайындалмаса да, басы осы мақалаға қарапжасалғанын байқау қиын емес. Өйткені, олардың арамызда жоқ екенін, өкінішкеорай қайтып келмейтіні жайлы баяндамада да, мақалада да айтылады. Ары қарай дасол сарынмен мақала авторы келтірген өлең оқылады.

Жалпы, мақалажоғарыда аталған төрт алып туралы. Кезегімен тоқталып өтеді. Министрдің баяндамасындасоның ішіндегі Мұстай Кәрімге қатысты сөздер теріп алынған деуге болады. Оданбөлек, төрт ақынға берілген ортақ баға баяндамада Мұстай Кәрімге қатысты айтылады.

«Осынау төрт ақынның жырлары –ХХ ғасырдағы тұтас бір ақындық дәуір болатын. Олар өз елінің терең поэзияәлеміне зор ықпал жасады. Олардың өлеңдерінде Отан бейнесі асқақтады. Олар шынайыхалықтық ақын ретінде қалыптасып өсті. Олар өз ел-жұртының келбетінебеймазалықпен, тежеусіз құштар үмітпен, аяулы аңсармен аялай үңіле қарағанақындар болатын», -дейді Роллан Сейсенбаев.

Ал Райымқұловакөпше түрдегі сөзді жекеше түрге ауыстырған:

«Ақынның жырлары – ХХ ғасырдағы тұтас бір ақындық дәуірболатын. ОЛөз елінің терең поэзияәлеміне зор ықпал жасады. ОНЫҢ өлеңдеріндеОтан бейнесі асқақтады. ОЛшынайыхалықтық ақын ретінде қалыптасып өсті. Өз ел-жұртының келбетіне беймазалықпен,тежеусіз құштар үмітпен, аяулы аңсармен аялай үңіле қараған ақын болатын».

Одан өзге«Бұлақындардың әрбір өлеңі біз үшін асқақ ой-сезім әлеміне айқара ашылған ЖҮРЕКТЕРболды», дейді мақалада. Ал, баяндамада «Мұстай кәрімнің әрбір өлеңі бізүшін асқақ ой-сезім әлеміне айқара ашылған ТЕРЕЗЕ секілді еді», дейді. «Жүректі»«Терезеге» өзгертті демесең, сол сөйлем, сол ой.

Дәл осындай көпшетүрден жекеше түрге ауысқан тура үш шағындау абзац қай ақынға қатысты айтсаң дажараса берер жалпылама баға. Оны Мұстай Кәрімге ғана еншілеп беруге де болады.Бірақ, жоғарыда аталған Қайсын Құлиевке арналған мына бір сөзді сол күйіндеМұстай Кәрімге таңған қалай болар екен...

«Оның ақындық, философиялық ой-толғамдарынақуандым, өз өрнектеріне, ойларына зер салдым», дейді мақала авторы,«Ақындық, философиялық ой-толғамдарынақуанасың, өз өрнектеріне, ойларына зер салып, ойға қаласың», дейдіминистр ханым. Болғаны осы. Бұдан ары қарай мақалаға қатысы жоқ, басқа тексткетеді.

Ақ-қарасын оқырманөзі айыра жатар, екі тексті қатар қойғанда байқалған ұқсастықтар осылар. Осығанқатысты «Жас АЛАШ» тілшісі Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысыАйдар ҚЫРЫҚБАЙҒА хабарласып көрді.

«Бұл жерде министр тек сілтеме келтірді. «Осындай кісілербұл кісінің бағасын беріп кеткен» деп айтылған сөздер ғой. Пост жазған қызғақатысты айтсам, өзіңіз білесіз ғой қазіргі уақыт хайп ұстайтын, «атың шықпасажер өртенің» уақыты болып кетті ғой. Әлеуметтік желіде өз-өздерін батыркөрсетіп деген сияқты.

Министр өзіңіз білесіз, жазушының қызы болғандықтан, қайкезде болмасын папасының айтқан сөздерін, басқа да ақындардың сөзі болсын,сілтеме жасап айтып отырады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, ағаларымыздың баяндамасынөз атынан оқу деген мүмкін емес нәрсе ғой, оның үстіне үлкен қоғамқайраткерлері қатысып жатқан іс-шара, солардың алдында ондайға бармайтын шығаренді. Қаз-қалпында оқыған жоқ, тек сілтеме жасады, «айтпақшы», «атап өткендей»деген сияқты», — деп жауап берді Айдар Қырықбай.

Бір ғана кәдік –баяндаманың аудио нұсқасынан «Роллан Сейсенбаев осылай деді» деген бір ауыз сөзкездестіре алмадық. Бәлкім, сілтемені министр үшін қол астындағылар жасайтынболар, кім білсін...

Айта кету керек,Алматы қаласында аталмыш көнференциядан бөлек, Мұстай Кәрімнің атына көшеберіліп, ашылу салтанаты да өтті.  

Фото: facebook.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42