Министр жезөкшелерді ұруға болмайды дейді

29.03.2018, 20:04

370

Қыздарға жағдай жасалғанда олар тәнін сатып көшеде тұрмас еді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ Sputnik Қазақстан тілшісінің жезөкшелер жайында қойған сұрағына осылай жауап берді деп хабарлайды zhasalash.kz сайты.Журналист жуырда ғаламторда жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабаған белгілі рэпер Жан Ахмадиевтің бейнеклипіне қатысты сұраған еді.«Егер біз барлық жағдайды жасағанда, ол қыздар көшеде тұрмайтын еді. Біз, керісінше, олардың өз мамандықтарымен айналысуына көмектесуіміз керек. Мұндай жағдайдың көпшілікке тарағаны өкінішті-ақ әрине. Мүмкін ол (рэпер – автор.) өзінің атын шығарғысы келген шығар. Оның орнына сол қыздарға жақсы жұмыс тауып берсін, жағдай жасасын», — деп кеңес берді министр «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінен кейін. Мұхамедиұлы көшедегі қыздарға қамшы көтерген рэперді жазалау-жазаламау құқық қорғау органдарының құзыретіндегі мәселе екенін атап өтті.«Мен азамат ретінде мүлде қолдамаймын», — деді министр.  facebook.com әлеуметтік желісінде министрдің осы сөзі қызу талқыланып жатыр.Айтпақшы, 2016 жылы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кезінде қыздарды төсек қатынасына мәжбүрлеп тартты деген дау да шыққан болатын. Сол дауды еске  салғандар да болды.2016 жылдың 13 мамырында өздерін жезөкшеміз деп сипаттаған топ yvision.kz сайтында президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, сол кездегі Үкімет басшысы Кәрім МӘСІМОВ, Бас прокурор Жақып АСАНОВ, Парламент депутаттарына ашық хат жариялаған еді. Біз сіздердің жүздеріңізді ғана емес, өздеріңізді де жақсы таныймыз деген жезөкшелер өз қызметтерін заңдастырып берін сұраған. Қысқасы, жеңіл жүрісті қыздар өз таныстарына құқықтарының қорғалмайтынын, антисанитарлық жағдайда жұмыс жасап, жеңгетайлар мен полициядан көресінін көретінін айтып шағымданған. Және елдегі экономикалық дағдарысты тілге тиек ете отырып, үкіметке салық төлеуге ынталы екендіктерін де жеткізген еді.

Фото:kazday.kz

   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01