16.10.2020, 08:56
702
Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев Қазақстанда 4122 дәрігер жетіспейтінін айтты.
«2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша дәрігер кадрларынан 5 201 адам тапшы, ең көбі Қостанай облысында жетіспейді — 624 штаттық бірлік. Жас мамандарды өңірлерге бөлгеннен кейін бұл мәселеде оң динамика байқалады: 10 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада кадр тапшылығы 1079 бірлікке азайды», — деді ҚанатТөсекбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 4 122 дәрігер жетіспейді. Елдегі орта медициналық персонал бойынша тапшылық — 8 583.
Мына мамандықтарда дәрігерлер өте аз және жетіспейді:
— анестезиолог-реаниматологтар — 393 штаттық бірлік;
— терапевтер — 346,75 штаттық бірлік;
— ЖПД — 319,5 штаттық бірлік;
— дәрігер-зертханашылар — 226 штаттық бірлік;
— психиатрлар — 213 штаттық бірлік;
— акушер-гинекологтар — 203,5 штаттық бірлік;
— педиатрлар — 202,75 штаттық бірлік;
— инфекционистер — 121,5 штаттық бірлік;
— эпидемиологтар -102,5 штаттық бірлік;
— неонатологтар — 85,25 штаттық бірлік.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР