Митинг кезінде журналистер де ұсталды

12.06.2019, 21:06

122

Митинг кезінде Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері журналистердің жұмысына кедергі келтірді. Бұл туралы «Жас АЛАШ» тілшісіне әріптестеріміз айтып берді.
«9 маусым күні митингтен кейінгі жағдайды бақылап қайтуға Төле би көшесіне шығып едім. Кенет митингтің екінші легі қалай басталғанын байқамай қалдым. Мен телефоныма түсіре бастағанда, полиция мені ұстап алып кетті. Журналисттік куәлігімді көрсеттім, бірақ олар назар да  аудармады. Сонымен,  мені РОВД-ға алып кетті. Ол жерде бәрін анықтаған соң менен кешірім сұрап босатып жіберді. Босқа уақытым кетті. Мен оларға бірнеше рет куәлігімді көрсетіп, журналист екенімді айтып, жұмысыма кедергі келтірмеулерін талап еткенмін. Алайда, ешкім құлақ асқан жоқ»,- дейді «Holanews» ақпараттық порталының фотокорреспонденті Айнур ХАЛЕЙОЛЛАЕВА.
Митинг кезінде полиция қолына түскен журналисттердің бірі «The Qazaq Times» ақпараттық порталының бас редакторы Қойшыбек МҮБӘРӘК.

«Сайран автовакзалының маңындағы митингте болғанмын. Журналист екенімді айтқаныммен, полиция мені де өзге адамдармен бірге бөлімшеге алып кетті. Куәлігімді де көрсеттім. Бөлімшеде түсініктеме жаздырып алды. Содан кейін ғана босатты. Сонда байқағаным менімен бірге ұсталғандардың қатарында митингке шыққандардан гөрі көшеден өтіп бара жатып, үйіне қарай бара жатып бостан-бос ұсталғандардың қарасы көп екен», — дейді Қойшыбек МҮБӘРӘК.

Фото: may-ekb.ru


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06