Митингіде полицейлер бұйрықты орындауы керек

03.10.2019, 18:30

16

facebook.comәлеуметтік желісінде «Асыларна» телеарнасының директоры, айтыскер Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІҢ полициямен болғанкездесуінің видеосы жарияланды.

Ол жерде айтыскер сөйлеуші, ал полициялартыңдаушы. Мұхамеджан Тазабек қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ,көпбалалы аналар мәселесі мен митингілер жайлы айтқан екен.

«Полиция қолында қалқан, басына каскакиіп алған. Немесе бір ақсақалды көтеріп кетіп бара жатыр. «Ойбай, мына полицияоңбаған, шеше сыйламаған, әке сыйламаған, қария сыйламаған оңбаған» деп айтқысыкеп тұр. Бұл арандатуға өмірі сенбеу керек. Қазақтың қариясы мен анасынажанашыр болсаң, алаңға шығарма. Қазақстанда ешкім аштан өлмейді. Қазақстандаауызы қимылдағанның қолы қимылдайды. Алаңға келгендердің елу пайызын жертва қыпшығарып отыр. Сіз приказбен келдіңіз бе, мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз. Менсізге айтайын алаңға шыққан қарияны көтертпек түгілі, алаңға шыққан апаныалдап-сулап шығарып салмақ түгілі, бауырлар, анау қасиетті Меккеде қағбаныңқасында дәліз жасап қойған. Миллиондаған адамдар келеді. Меккеге 15 рет барғанадам ретінде айтайын. Сол қағбаға баратын жолда сіз намаз оқып тұруыңыз мүмкін.Бірінші «кет» деп айтады. «Жолды босатыңыз» дейді. Сіз өзіңізше ойлайсызқағбаның, зәмзәмнің қасында намаз оқып тұрмын деп. Екінші рет кеп сені итереді.Үшінші рет жамбасыңнан тепкенде құйымшағыңды сындыра жаздайды. Бүкіл әлемніңғұламалары пәтуә берген. Қоғамның тыныштығы сақталу керек. Сен намаз оқысаң, өзіңүшін. Құлшылық жасасаң, өзің үшін. Бірақ мына жақта миллион адамның жолынжаппауың керек. Бір адамның проблемасы үшін мына жақта жүз адам жапа шекпеуікерек. Мен сол кезде барып ойландым. Он адамды көшеге шығарып «ойбай, аһ-уһ»деп жылатады. Сенің жаның ашып, «ойбай-ай, өзімнің шешем сияқты шешем екен,өзімнің атам сияқты атам екен» десең онда сен шынында мына жақтағы мыңдағанаталар мен апалардың тыныштығын бұзатын жағдайға есік ашып жатсың. Жан ашитынжер болады. Үйіңе барда шешеңнің аяғын жуып бер. Әкеңнің сақалын сипап отыр. Албірақ көшеде қоғамның тыныштығы үшін, мемлекеттің тұрақтылығы үшін, ел менелдің қаны шықпауы үшін ана жерде приказ орындалу керек»,- дейді М. Тазабек. 

Коллаж: Жас АЛАШ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39