Молдағасымованың мансабы: экс-бас санитар енді емхананы басқарады

Сайт әкімшілігі

22.12.2020, 15:23

1450

Айзат Молдағасымова тағы да жаңа басшылық лауазымға ие болды. Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері енді қалалық емханалардың бірін басқарады. 

Қазіргі таңда Молдағасымова Алматыдағы №27 қалалық емхананың бас дәрігері қызметінде. Бұл мәлімет медициналық мекеменің сайтында пайда болды. Алайда Айзат Молдағасымова бұл лауазымға қашан тағайындалғаны айтылмады.

Еске салайық, мұның алдында Молдағасымова Жұматов атындағы  Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы директоры қызметінен босатылған болатын. Мұнда ол 2020 жылдың маусымынан қыркүйекке дейін жұмыс істеген едіі. Оның жұмыстан босатылуына медициналық мекеме қызметкерлерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық өтініші себеп болды. 

Айзат Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы — гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:53
Сағынтаев Маминнен Шымбұлақты сұрап жүр
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55