Молдияр Ергебеков: Журналистерге мереке емес, еркіндік керек

28.06.2019, 20:57

13

Сүлейман Демирел атындағы университеттің профессоры, PhD,медиа зерттеушісі Молдияр Ергебеков дәстүрлі медиа қоғамдағы соңғы үрдістергеілесе алмай қалып, дер кезінде шынайы және бүкпесіз ақпарат тарата алмады депесептейді. Сондықтан ақпаратқа жұтап қалған қоғам  сол ақпаратты өзі өндіре бастады. Журналистеркүні қарсаңында М.Ергебековпен Қазақстандағы журналистиканың жай-күйі мен қоғамдағыорны жөнінде әңгімелестік.

Медиажаңа үрдістерге ілесе алмай жатыр

– Тоқаев жақында үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін ресмибекітуді тапсырды.  Білуімше, Батыселдерінде мұндай мереке жоқ. Елдегі журналистер қауымы бұл мерекені онсыз дамаусым айының аяғында атап өтеді. Олай болса, бұл мерекені ресми бекіту қаншалықтықажет?

– Журналистер күні басқаелдерде бар болса да, бұл айтарлықтай маңызды мереке емес. Өйткеніжурналистерге мереке емес, еркіндік керек. Сондықтан Тоқаевтың бастамасын жай ғанапопулистік әрекет деп бағалаймын. Өйткені журналистердің еркіндігі жоқ жерде арнайымереке белгілеу өте күлкілі.

Журналистер күнінатап өтуден не шығады? Онда журналистердің проблемалары мен оны шешу жолдарыайтыла ма, әлде бір күндік еркіндік беріле ме екен? Соны түсінбеймін. Бұл, меніңше,абсурд жағдай.

–  Қазақстан сөз бостандығы рейтингісінде 162-орында. Бірақ ақпаратжәне қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізді әлгі рейтингте басып озғанелдерде журналистер құқығы тапталатынын, Қазақстандағы сөз бостандығы анау айтқандаймүшкіл халде емес екенін айтты. Осы тұжырыммен келісесіз бе?

–  Келіспеймін. Біздесөз бостандығына қатысты күнде әртүрлі проблема туындайды. Мәселен, кеше «31-арнаның»журналисін Арыс қаласына кіргізбей қойыпты. Шымкентте Vlast интернет-журналыныңтілшісіне шабуыл жасалды. Өткенде «Азаттық» тілшілері митингіден хабар таратыптұрған кезде олардың журналистік қызметіне кедергі келтірілді. Демек, сөзбостандығын шектеу күнделікті өмірдің бөлшегіне айналды. Сондықтан Абаевтың әлгісөзінің жалған екенін ашып беретін көрсеткіштер бар. Нәтижеде әлеуметтікжелілері жиі-жиі бұғатталатын елде өмір сүріп отырмыз.  

–  Сарапшылардың айтуынша,  Қазақстандағы президент сайлауы мен оданкейінгі оқиғалар қоғамның өзгергенін айғақтап берді. Мәселен, сайлауға ешбірсаяси ұйымға қатысы жоқ тәуелсіз бақылаушылар қатысып, бірқатар заңбұзушылықтыанықтады. Жастардың саяси белсенділігі артып, жастар ұйымдары құрылып жатыр. Жұртөз бетінше, ешқандай көшбасшысыз-ақ митингілерге шықты. Қоғамдағы осы жаңа үрдістергеақпарат құралдары ілесе алып жатыр ма?

–   Меніңше, дәстүрлімедиа әлі де болса үйреншіктілігін жалғастырып, жаңа үрдістерге ілесе алмайжатыр. Қазір саяси алаңға шығып жатқан жастардың саяси белсенділігі «Егемен Қазақстан»газетін не  болмаса басқа бір басылымды оқығаннан артқан жоқ.Бәрі жаңа медианың арқасында іске асты. Бұл жастар әлеуметтік желілердегібелсенді тұлғалар. Олар әлеуметтік желі арқылы ұйымдасты. Бәлкім, содан даболар, интернет желісі жақсы емес ауыл-аймақтардан мұндай белсенділікті көреалмадық. Ал ірі қалалар мен облыс орталықтарында нағыз белсенділік байқалды. Бұлнені көрсетеді? Интернет, оның ішінде жаңа медиа қоғамда өте маңызды рөлойнайды.

Алжурналистика тұрғысынан қарасақ, медиа зерттеуші болғандықтан, «Егемен Қазақстан»газетін үнемі оқып жүремін. Басылым бұл жолы да бұрынғы риторикасынан асаалмады.  «Бұл жастардың артында біреу тұр,шетелдіктер тұрған болуы мүмкін, жастар адаспауы керек» деген сарындағыриторика осы жолы да байқалды. Осы риторика жер мәселесі кезінде де, одан бұрында болған. Яғни мұндай әрекетке адасу, бүлікшілік деп қарап, жағымсыз етіпсипаттауға ұмтылып, оның орнына Қазақстанды мінсіз, идеал мемлекет етіп көрсетудәстүрі бар. Осы риторика сайлау кезінде де өзгермеді. Сайлау науқаны кезеңінде «Қазақстан» телеарнасында НартайАралбайұлы деген бір журналистің митингілерге байланысты жалған ақпаратын әшкерелегенболатынмын. Бұл жайында сіздің газетте де материал жарық көрді. Яғни дәстүрліБАҚ жаңа үрдістерге ілесіп, шынайы ақпарат таратудың орнына дарынсыз видеоэффектілер жүктелген шарлатан журналистиканы атқарып отыр.

– Бұқаралық ақпарат құралдарында осы сайлау кезінде немесеодан кейін қандай да бір жаңашылдық, сонылық  байқалды ма?

–  Өз басым жаңашылдықтыбайқамадым. Алайда жастар Twitter-ді көптеп қолдана бастады. Facebook қаттыжанданды. Тіпті президент Тоқаевтың өзі Twitter-де есеп беріп отыр. Бұл дабиліктің жаңа медианы мойындауы және ондағы процестерге мойын бұруын көрсететінсияқты.

Ал журналистикада,өкінішке қарай, жаңа үрдістер пайда болған жоқ. Дегенмен «Жас Алаш», Vlast сындыинтернет сайттар сапалы дүниені өте жедел жариялап отырды. Қазақстанжурналистикасында бұрын-соңды мұндай сапалы әрі жедел материалдар аз болатын.Ал сайлау кезі мен одан кейінгі уақытта мұндай материалдар көбейді. Демек, оқиғанысапалы түрде талдайтын осы үрдіс ерекше көзге түсті. Сапалы дегенде, ішіндежан-жақты талдауы, сараптамасы және объективті хабарламасы бар материалдарды меңзеймін.

Еркіндікті шектесе,билікке қарсылар көбейеді

–   Әлеуметтік желілер маңызды рөлге ие, оны билік те көріп-біліпотыр дедіңіз. Бірақ сөйте тұра, сайлауға дейін де, одан кейін де әлеуметтікжелілер жиі бұғатталды. Тіпті арасында WhatsApp қосымшасы да істемей қалды. Осышектеудің арты неге апарып соқтырады?

–  Билік мәдениетініңтәуелсіздіктен бері келе жатқан ең негізгі ерекшелігі – белгілі бір уәдені үйіп-төгу,артынан соған қарсы шығу. Билік еркіндік, әділ сайлау сияқты ұрандар айтады да,артынан еркіндікті шектеуге ұмтылады. Бала болсам да, Совет Одағы тараған шақта«жеке басқа табынбаймыз, еркін боламыз» деген уәде айтылғаны есімде қалыпты.Бірақ, айналып келгенде, Совет Одағы тарағаннан кейінгі 28 жылды совет стиліндеаяқтадық. Бұл таңғалатын нәрсе емес.  Билік мына нәрсеніестен шығармауы керек: әлеуметтік желіні бұғаттау билікке қарсылардың қарасын көбейтеді.Неге десеңіз, адамдар әлеуметтік желінің дәмін татып, әлеуметтік желі арқылы ақпараталудың пайдасын көрді. Қазақстанға «Хабар» арнасының терезесінен қарауды доғарды.

Биліктің әрекеті қарсыларды көбейтеді дегеннен шығады, ӘсияТөлесова мен Бейбарыс Толымбековтің көшеге баннер ілгенін билік еш елемесе, бәлкім,қоғамда осынша реакция тумас еді. Екеуі Тоқаевтың сөзін баннерге жазып ілді.Сол үшін 15 тәулікке қамалды. Демек, билік бұл жерде де өз риторикасына өзі қарсы шықты. Өйткені Ә.Төлесова менБ.Толымбеков Тоқаевтың сөзін жазып шықты ғой. Нәтижесінде билік өз риторикасынаөзі қарсы шықты. Ал мұның арты неге айналып соқты? «Шындықтан қашып құтылмайсың»деген ұран  көтерген жұрт көбейді.

Бұдан шығатын қорытынды:егер билік еркіндік мәселесінде, әсіресе әлеуметтік желідегі еркіндіккекепілдік бере алмаса, билік қарсыластары көбейеді деген сөз. Бұл бізде ғанаемес, бүкіл әлемде бар нәрсе. Мәселен, жақында Түркия халқын 15 жыл бойы билепкеле жатқан Ердоғанның партиясы әкім сайлауында үлкен жеңіліске ұшырады (Стамбұлмэрін қайта сайлау кезінде оппозициялық Халықтық-республикалық партиясыныңкандидаты Экрем Имамоғлы жеңіске жетті. Ал билік партиясының үміткері әрі Түркияпрезиденті Режеп Тайып Ердоғанның үзеңгілесі Бинали Йылдырым жеңілді – ред.). Бұленді алдағы парламент сайлауында Ердоғанның партиясы жеңіледі деген сөз. Яғниинтернет заманы, жаңа технологиялар кезеңінде еркіндікті шектеген билік өз қолыменқарсыластарды көбейте бермек.

–  Еріктілердің сайлауды бақылауы, кандидат Қосановтың көпдауыс жинауы, халықтың наразылыққа шығуы қоғамда билікке қарсылық күшті екенінкөрсетіп берді. Ақпарат құралдары осы қарсылықты қаншалықты ашып, жеткізе алды?

–  Менің ойымша, ақпаратқұралдары мұны негізінен жеткізе алып жатқан жоқ. Неге десеңіз, елдемемлекеттік баспасөз деген ұғым бар. Шын мәнінде Ұлыбританиядағы BBC арнасын да100 пайыз мемлекет қаржыландырады. Бірақ ол publicbroadcasting, яғни қоғамдық-азаматтық таратылым жасайды. Бұл арнаның жұмысынасол елдің премьер-министрі немесе патшайымы араласпайды. BBC Ұлыбританияныңеркін тәуелсіз ақпарат құралы ретінде жұмыс істеп, хабар таратады. Ал біздемемлекет ақпарат құралына ақша беретін болса, тіпті 15 пайызға қаржыландыратынболса, өзінің жарнамасын міндеттейді немесе айтқанын жасатады. Сондықтан дамемлекеттен ақша алып отырған ақпарат құралдары, өкінішке қарай, жастардыңсаяси белсенділігі немесе Қосанов мәселесін көтере алған жоқ. Ақпарат көбіне-көпәлеуметтік желілер арқылы тарады.

Дәстүрлі медиа ең болмаса сапалы талдау мен сараптамаматериалдарын жариялауы керек еді. Бірақ оны да жасай алмады.

–  Осының бәрі, айналып келгенде, билік пен халық арасы ғанаемес, дәстүрлі медиа мен халықтың арасы алшақтай бастағанын көрсетпей ме?

–   Иә, өкінішке қарай,медиа мен халық арасы алшақтады. Дегенмен мұның жақсы жері бар. Ақпаратқа жұтапқалған қоғам ақпаратты өзі өндіре бастады. Өйткені ақпаратты журналистер өндірмегенжерде қоғамның өзі өндіре бастайды. Себебі қоғам шынайы, объективті ақпаратқа зәру.Мысалы, Арыс оқиғасы кезінде де түс қайтқанға дейін мемлекеттік арналардан ақпаратала алмадық. Арыстағы оқиға жайлы жергілікті халық пен белсенділердің ғана ақпаратынанестіп-білдік. Дәстүрлі медиа министрік, әкімдердің түс қайта жасаған мәлімдемесіненкейін ғана ақпарат тарата бастады.

–   Қоғамның ақпаратты өз бетінше өндіруі дәстүрлі медианың рөлінәлсіретіп, ығыстырып шығармай ма?

–   Бұл дәстүрлімедианы ығыстырмайды, бірақ жол көрсетеді. Нәтижесінде дәстүрлі медиа өзін-өзітүзей бастайды.

–   Қоғамның өзі ақпарат өндірген жақсы да шығар,  дей тұрғанмен осы күйге неге тап болдық дегенсұрақ туындайды. Бізде төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарататындардыжауапқа тартатын заң бар. Бұдан басқа да шектеулер көп, журналистердің ақпараттыедел-жедел таратудан аяқ тартатыны содан болар.

–  Солайы солай шығар.Десек те, бізде бұл заңдар белгілі бір институттар немесе азаматтарға қарсы қолданылады.Мысалы, жоғарыда айтқанымдай, Тоқаевтың «сайлау әділ өтсін» деген мәлімдемесімен Ә.Төлесова және Б.Толымбековтің баннерге жазған сөзі – бір. Бірақ нәтижесіндеекі жас әкімшілік жазаға тартылды. Сондықтан «Егемен Қазақстан» байқаусызда жалғанақпарат берсе де, сотқа тартылмас еді. Ақпаратының жалғандығы әшкереленгенНартай Аралбайұлының жоғарыда аталып өткен бағдарламасы сотқа тартылар еді.Тартылды ма? Жоқ!  Тартылмақ түгіл,Н.Аралбайұлы журналистер күні қарсаңында президенттің ақпарат құралдарысаласындағы грантына ие болыпты. Яғни мемлекеттік арнаның журналистері жалғанақпарат таратқаны үшін жазалану орнына марапат алып жүр. Қысқасы, осының бәрізаңдық, құқықтық шектеулер мен қысым белгілі бір басылымдарға ғана қарсы қолданылатынынәйгілейді.

СДУ-дағы әріптестерімМұхтар Сеңгірбай және Есенгүл Кәпқызымен бірігіп жүргізіп жатқан бірзерттеуімізде «Егемен Қазақстан» газеті жер митингілері кезінде бір мақаланыараға 14 күн салып қайталап басқанын анықтадық. 2016 жылдың 13 мамырындаБолатбек Ерсәлімов есімді автордың «Ақылдасқанның айыбы жоқ» деген мақаласы 27мамыр күні «Халықтың игілігіне жаратылады» деген тақырыппен екінші мәртежарияланған, кейбір тұстары өзгертіліп, арасына аздаған сөйлемдер қосылыпты.  Бұл халыққа басу айтатын сарында жазылған мақала.Асылы, бұрынырақ шыққан мақаланың тақырыбын ғана өзгертіп, қайта жариялау этикағақайшы. Егер мұны «Егемен Қазақстан» емес, «Жас Алаш» жасаса, басы дауға қалареді.

–  Ақпарат құралдары жаңа үрдістерге ілесіп, жастар тіліндесөйлеуі үшін не істеуі керек?

–  Біз жастар дегенде,жеңіл-желпі дүниеге құмар адамдарды елестетеміз. Сөйтіп, оларды не қызықтырадыдейміз де, бірінші кезекте поп-музыканы еске түсіреміз. Осылайша санамыздажастарға қатысты стереотиптер қалыптасып қалған. Алайда шын мәнінде жастар жасыүлкен адамдарға қарағанда классикалық музыканы көбірек тыңдайды. Сол сияқты баспасөзде белгілі бір стереотиптерге еріп, жастар оқиды екен деп қысқа мақала беріп,суреттерді жайып тастайды. Қоғамдағы белсенді жастардың әлеуметтік желідегіжазбаларын оқысаңыз, талдауға бет бұрған, ойы терең екенін байқайсыз. Сондықтанжастар сіздерді оқысын десеңіз, терең талдау, сапалы сараптамалар ұсыну керек. Бұлжастарға ғана емес, жалпы қоғамға пайдалы болар еді. Демек, бұл адамзатқа ортаққұндылыққа ие, ешкімді алаламайтын, диалогқа, тіпті полилогқа шақыратын,белгілі бір оқиғаға мағына беретін материалдар болуы тиіс. Баға беру дегенненшығады, біздегі ең үлкен проблема – оқиғаға баға бере алмау. Мысалы, Арыстағы оқиғакезінде өзімді ақпан айының басында астана түбінде өз үйіндегі өрттен қаза тапқанбес қыз сияқты сезіндім. Неге десеңіз, бір отбасындағы бес баланың қазасы менАрыстағы 45 мың халықтың дала безіп қашуының арасында тікелей байланыс бар. Бізтап бір үйіміз бар, бірақ сол үйі өте жұпыны, қараусыз қалған жұрт сияқтымыз. Қорғансызбыз.Әкімімізді сайламағанымыз үшін ол қоғамға емес, тағайындаушысына жағуғатырысады. Парламенттік жүйеміз болмағаны үшін депутаттар халыққа емес, аларайлығына қарайды.   Біз осы байланысты көріп,оған мағына бере алуымыз керек. Бірақ, өкінішке қарай, ақпарат құралдарында күнделіктіөмірімізге мағына беретін материалдар өте аз. Бір оқиға мен екінші оқиғаныңарасында интеллектуалды тұрғыдан байланыс таппағандықтан, ондай оқиғалардансабақ алмаймыз.

Журналистикадагендерлік теңдік неге жоқ?

– Сіз қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесін зерттеп жүрсіз.Журналистикада гендерлік теңдік бар ма?

–  Бұл жердеинституционалды және контенттік теңсіздік бар.  Журналистикада әйелдер көп болғанына қарамастан,көптеген медиа құрылымдарындағы басқарушы орындарда ер адамдар отыр. «Хабар», «Қазақстан»  арналарының басшылығында әйелдер бар, бірақ бұларналар мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін болған соң, оларды есепкеалмаймын  және нәтижеде БАҚ мойынсынатын министрліктерде де министрболып ер адамдар отыр. Жекеменшік медиа институттарын алып қараңызшы, көбіне-көпер адамдар басқарады. Ер адамдар басқарған соң, ондай ақпарат құралдарында әйелдертеңдігін қорғайтын материалдар аз шығады дегенге кепілдік бере аламын. Сондықтанбұл жерде гендерлік теңдіктің институционалды проблемасы туындайды. Ал бұл өзкезегінде әйел мәселелерінің адам құқықтары ретінде көтерілмеуіне кесірінтигізіп жатыр. Себебі ер адамдар әйелдер мәселесін адам құқықтары ретінде қарастырмайтындықтан,ер адам басшылық ететін медиа бұл жайлы жазбайды немесе аз жазады. Есесіне материалдардыңкөпшілігі патриархалдық көзқараспен жазылып, қоғамдағы онсыз да күштіпатриархалдық көзқарастар одан бетер қатая түседі.

–  Демек, медиадағы әйел мен ер адамның бейнесі тең емес пе?

–  Әрине. Үндістанныңжас келіннің өмірі жайлы «Ананди» атты сериалы көрсетілді. Бір-екі сериясын көргенненкейін ондағы патриархалдық көзқарастан қорқып кеттім. Қоғамда осындай фильм,сериалдар өте көп. Мәселен, қыз алып қашу жөнінде 7-8 фильм түсірілді. Былай қарасаңыз,қыз алып қашу трагедиялық, драмалық оқиға. Бұл – адамды еркінен тыс бостандығынанайыру. Бірақ бізде қыз алып қашу тақырыбындағы фильмдердің бәрі комедиялықжанрда түсірілген. «Келинка Сабинка»,  жәнетағы басқалары. Ал оны түсірген кімдер? Бұл фильмдердің режиссерлары – ерадамдар.

–  Сіз сонымен қатар медиадағы өшпенділік, яғни ғадауаттілін зерттеп жүрсіз. Ғадауат тілі деген не? Оған неге жол беріп жүрміз?

–  Ғадауат тілі – қоғамныңбелгілі бір тобын, мүшесін немесе белгілі бір адамды жек көруге шақыратын тіл. Бұл,әрине, «келіңдер, мынаны өлтірейік, көзін құртайық» деген ашық тіл болуымен қатар, жабық тіл деболуы мүмкін. Көбінесе адамды немесе топты жағымсыз тілмен сипаттаутуралы сөз болып отыр. Мысалы, «келімсек» деген сөзді алайық. Ол айналымға90-жылдары енді, оған дейін қолданыста болмаған. Себебі 90-жылдары тәуелсіздікалған соң, өзімізді өзіміз тануға ұмтылдық. Сол уақытта тарихымыздың зұлматқатолы беттерін ашып қарап, ақтаруға тура келді. Отызыншы жылдары атылып кеткензиялы қауым өкілдері мен ашаршылық қасіретін еске түсірдік. Осы оқиғалардыңсебепкері ретінде өзгелерді көрдік. Сөйтіп, өзгелерді сипаттағанда «келімсек»деген сөзді қолдана бастадық. Бастапқыда бұл сөз жағымсыз сипатқа ие болатын,ал қазір диаспора ұғымына қатысты қолданылатын болыпты. Яғни қазақ емесэтникалық топтарды сипаттауда қолданылып жүр. Бірақ мұндай жағымсыз сөздерденарылу керек.

Тағы бір байқағаным,қылмысты өзге ұлт өкілдері жасаған болса, журналистер соған қатты  мән беріп, баса көрсетеді. Осыдан 4-5 жыл бұрынӨзбекстан азаматтары бір үйдің бала-шағасын қырып кеткен болатын. Журналистер олардыӨзбекстан азаматтары деп емес, өзбектер деп беріп, ұлттарына назар аударды.

Егер көлікапатына әйел адам кінәлі болса, міндетті түрде «көліктің жүргізушісі әйелболыпты» деп назар аударады. Нәтижесінде қоғамда әйелдеркөлік жүргізе алмайды деген түсінік қалыптасады. Ал көлік жүргізушілердің құқығынқорғаумен айналысатын «Автоадвокат» деген құрылымның мәліметіне қарағанда, әйеладамдар ер адамдарға қарағанда жол-көлік апатын аз жасайды. Ғадауат тілініңкесірінен қоғамда ғадауат қылмысы пайда болады. Асылы, фашистік Германиядан зұлымдықтыңшығу себебі – 20-жылдардағы Гитлердің ғадауат тілі. Сондықтан ол тілдібейтараптандыруға кірісу керек.

– Журналистикада бұдан басқа қандай негізгі  проблема бар?

– Бағанадан бері айтылғанәңгімеміздің түп төркіні мына бір сұраққа келіп саяды: қазақ журналистикасыдемократияны қалай ма, жоқ па? Бұл, бір жағынан, жан алатын қиын сұрақ. Егер қалайдыдесек, қаншалықты қалайды деген екінші сұрақ туады. Мәселен, демократиялық көзқарасұстанамыз дейтін басылымның өзі ЛГБТ қауымдастығының құқықтарын қорғай ма,соларды қорғап мақала жаза ма? Егер жазбаса, демек, бұл басылым демократияныбелгілі бір шектеуде ғана қалайды деген сөз. Сол сияқты өзге бір басылымдемократияны қалауы мүмкін, бірақ үнемі хиджаб киген әйелдерге тиісіп, сынайтынмақалаларды жариялап жүруі ықтимал. Яғни біздегі үлкен проблема – демократиядеген ұғымды өзімсінбеу. Бәріміз демократияны тек қана өз еркіндігіміз деп түсінеміз,ал демократия деген – өзгенің еркіндігі. Егер қоғамда саған ұқсамайтын, сенен өзгеше,сенімен көзқарасы үйлеспейтін адам еркін болатын болса, ол жерде демократия бардеген сөз. Демек, демократия – өзгенің еркіндігі үшін күрес. Бірақ журналистердіңөзі демократияны түсінбегендіктен, ең демократияшыл деген журналистердің өзіоны тек қана өз еркіндігі деп қабылдайтындықтан, қоғамда демократияға қатыстытеориялық, практикалық тұрғыдан мәселе туындап жатыр. Егер журналистер шын мәніндесалауатты демократияны қалайтын болса, көп нәрседен қорықпай, ойын ашық айтабастайды. Нәтижесінде билік те сондай журналистерден аяқ тартатын еді.

–  Әлеуметтануда қоғам адамды қалыптастыра ма, әлде адам қоғамдықалыптастыра ма деген пікірталас бар. Бір жағынан, дүниеге келген адам қоғамдағықұндылықтарды бойына сіңіріп өсетіні белгілі. Екінші жағынан, диалектикафилософиясына сүйенсек, қоғамдағы сыни көзқарастағы адамдар көбейген соң, сансапаға айналып, қоғамда өзгеріс жасалады. Бәлкім, Қазақстан журналистерідемократиялық қоғамда өмір сүріп көрмегеннен кейін бұл ұғымды дұрыс түсінбейтіншығар…

–  Бәлкім, солайысолай шығар. Дегенмен бізде «демократия деген – халық билігі» деген жаңсақпікір қалыптасқан. Оның ары қарайғы мағынасына бойлай алмайды. Бірақ, өзіңізайтып өткендей, сыни көзқарастағы топ қалыптасып біткенде қоғам да, медиа да өзгереді.Меніңше, қазірдің өзінде өзгеріп жатыр. Әсіресе саяси белсенді жастардың шыққаныосыны көрсетеді.

–  Әңгімеңізге рақмет.

   МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34