Моңғолиядан 80 адам көшіп келді.

20.08.2019, 12:06

248

Павлодароблысына Моңғолиядан 13 отбасы көшіп келді. Бұл туралы Жас Алашқа Дүниежүзі қазақтарықауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Дүниежүзіқазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның пилоттық жобасыаясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан Қазақстандағы туыстарынақосылып, ұрпақтарын атамекенге жеткізу мақсатында Павлодар облысына көп балалы13 отбасының 80 адамы көшірілді», делінген хабарламада.

Айтакетерлігі, Қазақстанға біржолата көшіп келуге ниет білдірген қандастарымызнегізінен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына байланысты өздігінен көшіп келеалмайтын еді. Бұлшара «Отандастар қоры» КЕАҚ–ның қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығыПавлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен іске асырылды.

Көшіпкелгендерарасында 13 баланы өмірге әкеліп өсіріп, жеткізген ана бар. Ол өзінің қолындағы кенже ұлы мен келінінің 6баласымен бірге атамекенге келіп отыр. Сондай-ақ, жасөспірім оқу жасындағы 46бала, 4 студент, 1 зейнеткер, еңбек жасындағы 29 азамат көшіп келді. Олардыңішінде ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері, техника мамандары,механизатор, мал дәрігері, медицина саласының маманы, басқа да арнайы оқуорталықтарын бітірген тәжірбиелі мамандық иелері бар.


Моңғолиядан көшіп келушіотбасылар мүшелерін және отбасының тұрмысқа қажетті қолданыстағы мүлік, жеке үйжүктерін Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Ташанта кеден бекеті арқылы шекараданалып өтуіне байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін Дүниежүзіқазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» РФ Омбы қаласындағы ҚазақстанРеспубликасы Консулы қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Көшіп келушілер Павлодарқаласындағы «Қоныстанушылар мен оралмандарды уақытша бейімдеу орталығында» бірапта болып, Павлодар қаласының тарихи орындары мұражайларымен танысып, бірқатарқұқықтық кеңес алып, құжаттарын рәсімдеп, медициналық тексеруден өтеді. Оданкейін, Екібастұз қаласының, акедемик Әлкей Марғұлан атындағы ауылына 9 отбасы,Павлодар ауданына 2 отбасы, Ақсу қаласының Достық, Ақжол ауылдарына 2 отбасы,Тереңкөл, Май аудандарына қоныстанады деп жоспарлануда.

Көшіпкелген отбасылары түгелдей биылғы жылғы оралмандардың өңірлік квотасына еніп,мемлекет тарапынан әр адамға 88 375 теңгеден бір жыл бойы үй жалдап тұратынқаражат беріледі.

Суреттерді Қауымдастық баспасөз қызметі ұсынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39