13.01.2020, 11:02
392
Қарағандыда оқушыларға білім беріп жүріп, істі болғанұстазға қатысты сот үкімі шықты. Есірткі сатумен айналысқан мұғалім 11 жылғабас бостандығынан айрылды. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының Қарағанды өңірлік тілшісі хабарлайды.
Тірек қимыл аппаратында ақауы бар балаларға арналғанмектеп интернаттың дефектолог мұғалімі есірткі сатумен айналысқан. Тергеумәліметтері бойынша мұғалім күндіз балаларды оқытса, түнде Телеграм әлеуметтік желісі арқылы есірткінісатып алып, оны басқа біреулерге сатқан. Қаланың әр аумағындағы жерлергесататын есірткілік өнімдерді жасырыпқойып отырған. Есірткіге тәуелді болған «клиенттер» оған QIWI әмиян арқылы ақша аударған. Мұғалім бұндайәрекетке 2018 жылдың қарашасынан бастаған. 23 жастағы ұстаз былтырғы жылынаурызда ұмьалған. Сотта мұғалімнің айыбы толық дәлелденген.
«Айыпталушыны кінәлі деп тауып, қоғамға үлкен қауіпкелтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін», — деді үкіміндесудья Қайрат ҚАСЫМОВ.
Фото: sputniknews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР