Мұғалім: Директор мені ұрды

04.06.2019, 22:12

31

Ақтөбе қаласындағы Пригород ортамектебінің директорын қарамағындағы мұғалімді ұрды деп айып тағып отыр. Алайдабасшы жас маманның сөзін жоққа шығарады. Өңірдегі «Жас АЛАШ»тілшісі қос тарапты да тыңдапқайтқан еді.

«Үш жылдан бері мектеп директорыныңқылығына төзіп келдім» деген жас мұғалім шыдамының таусылғанын айтады. Сөзіншеөзі қызмет ететін мектептің директоры ар намысына тиетін сөздер айтып, бірнешерет қол көтерген. Ал бүгінгі дау «жазғы лагерьге шыға алмаймын» деуденбасталыпты. Әдемі БАУЫРЖАНҚЫЗЫ  директордың үстінен құқық қорғау органдарынаарызданып жатқанын айтады.

«Маған лагерь берілген. Мен ол лагерьден бас тартамын деп директордың кабинетінетанертен саған 9.00-де кірдім. Ішке кірген бойда күш көрсетіп, қол көтерді. Кабинетіненшығарғысы келіп итеріп, қолымдағы телефонды тартып алғысы келді. Шапалақпен ұрды.Және мұндай жағдай бірінші рет емес, барлығына шыдап үндемей  төзіп келдім», — дейді ағылшын пәнінен сабақберетін жас мұғалім Әдемі Бауыржанқызы.

Мектеп директоры жас мұғалімніңөзіне таққан айыптарымен келіспейді. Әдемі Бауыржанқызын жұмысқа кешігіп келетін,берген тапсырманы орындамайтын мұғалім дейді. Жұмыс жасаған үш жылдың ішінде үстіненбірнеше рет хаттама толтырылып, ескертулер жасалыпты.

«Лагерьді 3-і күні ашасыңдар, кабинеттріңді дайындап, жоспарды бекітіп алдедім. Сенбі жұмыс күні емес, келмеймін деді. Жарайды. Дүйсенбіде жоспаркүттім. Жоқ. Жиырма минут кешігіп келді. Шақырдым. Дәлізде қуып жүрем. Ендібірдеңе айтайын десең ымыраға келмейді. Үлкен деп сыйламайды. Басшы дептыңдамайды. Енді менде шара қалмады. Мен де адам баласымын. Бүгін соткасынсөндіріп шығаруға тура келді. Қол жұмсау менің тарапымнан болған жоқ. Оған ұжыикуә», -  дейді мектеп басшысы Гүлнәр  ЖАНИНА.

Директор мен жас мұғалімнің арасындағыдауды шешуге қалалық білім бөлімі басшысының өзі араласыпты. Қазір жағдайғақатысты комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталды. Егер мектеп директорыныңжас мұғалімді ұрғаны расталса жұмыстан кетеді екен.

«Егер мектеп директоры тарапынан адамды ұру фактісі анықталатын болсадиректорға тиісінше шара қолданатын боламыз. Сонымен қатар бұл жерде бұлжағдай  неден туындады, бұрыннан осыжағдай болып келе жатыр ма, әлде бірінші рет пе, соның бәрін анықтайтын боламыз»,- деді Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Саян СҮЛЕЙМЕНОВ.

Қазір менің рұқсатымсыз видеоғатүсіріп, оны әлеуметік желіге таратты деген мектеп директоры қол астындағы жасұстаздың үстінен полиция шағымданамын деп отыр. Ал екеуінің қайсысы жұмыстанкететін тексерісті бүгін бастаған комиссия шешетін болады.

Фото автордікі.

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57