Мұғалім - мектептің жүрегі ме, жұмыс күші ме?

22.08.2019, 14:47

18

Қазақстандағышенеуніктер армиясы «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қауіпсіздік кеңесініңтөрағасы, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ Ұлт Көшбасшысы деп қолпаштағанымен, айтқантапсырмасын орындамайтын болыпты.

2018 жылы «Ұстаздар мәртебесі» жайлы заң әзірлеуді тапсырғанеді. Және мұғалімдерді басқа жұмыстардан қорға керектігін айтып, сенбілік пенқара жұмысқа салатындарды сынаған болатын.

Атырауда жазғы демалыста тегін жұмыс күші ретіндемұғалімдерді қара жұмысқа салу фактісі анықталды. Зиялыларға қымбат сыйлықжасауды, ақын-жазушылардың кештерін ұйымдастыруды сүйетін Нұрлан НОҒАЕВ бұліске мән берер деп ойлаймыз. Шынтуайтында құрмет көрсетуге тиіс нағыз зиялықауым ұстаздар емес пе?

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайратауылындағы Ш.Еркінов атындағы орта мектептің тәрбиешілері интернаттағы бірнешекабинетке жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Белгілі болғандай, жазғы каникулкүндерінде бұл жерде балалар лагері жұмыс істеген. Білім ошағы қызметкерлерініңқара жұмысқа жегілгенін мектеп психологі Гүлнұр ҒҰБАШЕВА түсіріп, таратыпжіберген бейнежазбадан кейін облыс жұртшылығына мәлім болып, үлкентексерістерге жол ашты.

Қазіргі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіменбірлесе жұмыс атқаратын «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аталғанаудандағы білім ошақтарын тексеруде.

«Біз аудандық білім беру жəне аудандық әкімдік өкілдеріменкездесіп, мектеп басшылығына заңсыз әрекеті үшін шара қолданылуды ұсындық.Әзірге, 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек Кодексінің 64-бабының 1 тармағы 3тармақшасына сәйкес мектеп басшысы А.Қосдәулетоваға қатаң сөгіс жарияланыпотыр. Сондай-ақ, ұстаз деген атқа кір келтіріп, оларды қара жұмысқа салғанмектеп басшысын жұмысынан босату, аудандық білім саласына, жауапты аудан әкіміорынбасарына және білім беру бөлім басшысына өз міндеттеріне салғырт қарағаныүшін тәртіптік шара қолдану, сонымен қатар, облыстық білім беру басқармабасшысына қажетті қадағалаудың жоқтығына байланысты тәртіптік шара қолданужөнінде тиісті органдарға ұсыныс жолданып отыр», — дейді жобалық кеңсежетекшісі Әлфия ӘДИЕВА.

Ш.Еркінов атындағы орта мектеп директоры Айнұр ҚОСКЕЛДИЕВАөз кезегінде «мұғалімдерді мәжбүрлемегенін, олардың өз еріктерімен келісімбергенін» айтып, ақталған бейнеүндеуін жариялады. 

«Бұл жерде кейбір түсініксіз жайлар бар. Қазір тексеру жүріпжатыр, ал ол кісілер интернатты өз бастамаларымен жөндеп жатқанын, ешкім қинамағанынайтып жатыр. Менің қолымда солай деп жазған түсініктемелері де бар. АйнұрЗейноллақызының өзі 41 жылдық өтілі бар, тәжірибелі педагог, басшы. Оның осығандейінгі ұзақ жылдық тәжірибесін, еңбегін жоққа шығарып, бірден қатаң жазағатарту дұрыс болмас деп ойлаймын», — дейді Қызылқоға аудандық білім бөлімініңбасшысы Амангелді БАҒДАРОВ.

Атырау облысында 2017 жылы мектептерді ағымдағы жөндеуге 116млн.теңге, 2018 жылы 135 млн.теңге бөлінген. Бұл жөнінде аймақтағы білімсаласының мәселелері бойынша өткен жиында мәлімдеген облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ«Бұл қаражат жыл сайын өсіп отыр, сондықтан, бұл жұмыстарға ата-аналарданқаражат жинаудың, басқалай заңсыз әрекеттерге барудың еш қажеті жоқ» депмәлімдеген еді. Соған қарамастан, жаңа оқу жылына дайын болмаған біліммекемелерін ұстаздардың күшімен қалыпқа келтіру дерегі әлі де ұшырасып қалуда.Аты-жөнін атағысы келмеген бір мұғалімнің айтуынша, «Шын мәнінде, мұндаймектептер көп-ақ. «Қол сынса жең ішінде» деп мұғалімдер мектеп жөндеп жатқанынайтпай, жасырып қалады. Бұл жолы не болып жатқаны тек бейнежазба тарап кеткесінғана белгілі болып қалды».

Айтпақшы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тамызконференциясында мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын жұмыстарға салатыншенеуніктерді сынаған болатын. Бірақ әзірге бұдан жағдай өзгеріп жатқан жоқ.Мұғалімдер әкімшіліктердің барлық жұмысын атқаратын тегін жұмыс күші болып тұр.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39